Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:47, 16 Мамыр 2024

Сатыбалдының сотын жабық режимде өткізу туралы өтініш қабылданбады

а
Фото: из открытых источников

Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған экс-президент Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды Астанадан Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

16 мамырда Алматыда Гүлмира Сатыбалданың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сотталушы Астанада болғандықтан сотқа онлайн қосылды.

Ал, негізгі сот отырысы Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 30 мамыр күні, сағат 10.00-де болады. Сатыбалданың ісі бойынша сот ашық түрде өтеді. 

Бұған дейін, бопсалау және озбырлық жасады деп айыпталған Гүлмира Сатыбалдының адвокаттары сотты жабық есік жағдайында өткізуді сұраған. Олардың айтуынша, бұл Сатыбалданың балаларының қауіпсіздігі үшін керек. Алайда, судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Сатыбалды қазір екі бап бойынша – сегіз және жеті жылға сотталып жатыр.

Фото: Khabar