Гүлнара Кәрімованы жазалау мерзімі бесінші рет ұзартылды
Өзбекстан экс-ханшайымыГүлнара Кәрімованың жаза мерзімін бесінші рет ұзартты. Бұл жөнінде оның қызыИман Кәрімова өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдеді.
«Халық пен журналистер тарапынан келіп жатқан сұрақтардыңкөбеюіне байланысты, біз Гүлнара Кәрімованың ісіне қатысты ақпараттардытолықтай жариялайтын боламыз. Билік басында отырғандардың басым көпшілігіөздеріне қатысты шындықтан қорқып, жаза мерзімін бесінші рет созды», — депжазды Иман Кәрімова.
Бұдан бөлек, ол анасынақатысты болып жатқан дүниелердің барлығының саяси астары бар екендігін айтып,Гүлнара Кәрімова ісіне жақында «құпия» мәртебесі берілгендігін мәлімдеді.
«Жақында қылмыстық іске ешқандай себепсіз «құпия» мәртебесіберілді. Бұл қорғаушы тараптың жұмысына кедергі келтіреді. Себебі адвокаттардыңөзі қылмыстық іс материалдарымен толыққанды таныса алмайды. Осылайша, адвокаттарменқатар жақын туыстары да Гүлнара Кәрімовамен байланыссыз қалды. Қазір оныңденсаулығы мен ісі жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Алдағы уақытта оныңденсаулығының нашарлауы билікте кімге керек екендігі жарияланатын болады», — деді Иман Кәрімова.
Қараша айының 25-ікүні экс-ханшайымның швейцариялық адвокаты Грегуар Манжа өзінің «Twitter»парақшасына «Гүлнара Кәрімовамен кездесе алмай жүргендігін және Өзбекстанғажіберілген арыздарының барлығы қабылданбағанын» айтқан. Бұған дейін ол 16қыркүйек күні Ташкентте Кәрімова үстінен құпия сот өткендігін мәлімдеген.Осыдан кейін Иман Кәрімова жақын күндері халықаралық қауымдастыққа елдегіжемқорлыққа қатысты құпия құжаттарды жариялайтындығын айтып, президент ШавкатМирзиеевке ескерту жасаған.
Фото:inozpress.kg