Ғылымнұр Кәдірбайұлы. Сызашық
«Кеше түні қалтамда соқыр тиынжоқ, Барахолкадан Сайранға жаяу келдім. Мосттан секіріп өліп алайын деп едім,ұмытып кетіппін».
«Досымның әңгімесі»
1
Ескі-құсқы, көн-қоқырдың маңынторуылдап, тіміскілеген көнтірсек ғұмыр адам түгіл хайуанның да жүйкесінжидітіп, тегін туажат еткелі қашан. Қаласыртындағы теміржолға сүйретіліп жетіп, іліп-салынып әне-міне өте бергені соледі, екпіні тау жығардай қара дию гүрілдеп жетіп, ойбайын салған. Құрық тастамжол жиегіне қаңбақтай ұшып түскенін өзі де білмейді. Терісін тесе аржиған қабырғаларыүгітіліп кеткендей арқа-басы қыбырға келмей ұзақ жатты. Санасының әлдебіртүкпірінде рельс қақ бөлген денесіне қарап тоғайған сезім асыр салды. Миқатпары көзінің болатын тайдырған күшті жарық, ащы шуылдан айықпай көпке дейінтұманданған. Өкпесіне сыздықтап ауа жүгіргенде барып кірпігі өлеусіреп қимылдады.Икемге әрең келген тілімен бақанақтан шыпылдап шыққан қанды іріңді жалады.Қаланың жолы қажай-қажай мүйізделеген табанға кеше аңдаусызда кіргізіп алғанпәлекет зар қақсатып, жанын көзіне көрсетті. Бүгін тіпті шолтаңдап қалды, күпболып ісінген бір аяғын ала алмады. Алаңғыт көшелерді құлдап, уыс-қуысқатасаланып жүріп қала шетіне әупірімдеп әрең шыққан. Тіпті борбайы бір тұтамжаман кандендер де бұған шәуілдеп тұра жүгіретіні зығырданын қайнатқан.Арланған. Қорланған. Қылар ләжі қайсы!? Желкесіненбассалып бүріп, омыртқасын үзіп жіберейін десе қалтарыстарда бұқпантайлап кешкенқағас тірлік мейілінше бүгежек, бұғынқы қылған. Селт еткенге сескене қарайды.Қағаберістен әлдекім шыға келіп, қарақұстан тиген сойыл тыраң асырардай.Қас-қағымда не болсада жайратып кететін қиғыр азудың қайраты қайтып мұқалған.Алшиып тұрса астынан арыстан өтетін тегеурінді сом сирақтардың күші семген. Етіболбыраған. Саржіліктенген арса кәріге кім болса да қойқаңдап қожа.
2
Екі кештің арасы. Машиналардыңқұжынаған қайшалысы сәл болсада саябырсыған. Көктегі іс-түтек жерге шөгіп, қалаішін бір қабат тұман торлаған. Қарыс адым жер күреңітіп көрінеді. Сәмбіталдыңбұтағы жартылай далдалаған көше шырағының өлеусіреген сарғыш сәулесінен жолшетіндегі kaspi банк күңгірт тартып әрең айырарлық.
Банктен асыға шыққан сұршакеліншек өзін бағанадан бері баспалап аңдып отырған сырт көздің бар екенінқайдан білсін. Алдына келіп көлденеңдей қалған такси тым арзанға-ақ келіскен.Алакөлеңкеде шофердің жүзіне сәп салмастан салонға жайғасты. Бар ойы үйіндеқалған қаршадай қос балапаны. Күні-бойы нәр татқан жоқ қой менің жолыма тесіліпдеп ойлаған етжүрегі елжіреп. Үйдегі талғажау етер жылы-жұмсақта санаулы. Қазіржеткенде уақытты алып және де қолбайлау қылады-ау деп таксистің ақшасын берейіндесе қалтасындағы ұсақ тиын бес жүз теңгеге толмады. Жаңа ғана шығарып алған100мың теңге айлығынан бес мың теңгесін суырып берді. Шофер жігіт майда жоқ депЕсім хан даңғылынан қағаберістегі елеусіздеу магазинның алдына келіп көлігінқаңтарды да өзі түсіп кетті. Мардымсыз айлық. Әкесіз балалар. Пәтерден тартыптөлейтін қарыз шаш-етектен. Қыс болса таяу. Мұңлық келіншектің бота көздерінеқаймыжық жас іркілді. Тыным таптырмас жұмыстан, есеңгіреткен қалық ойданқалжаураған тәнге жылы салон ұйқы шақырды маужыратып. Көзі іліне бергені соледі сәбиінің шыр еткен дауысынан селт етіп оянып, басын жұлып алғанда көргеніжаңағы шофер өзіне қарай төніп келеді екен. Үн шығаруға үлгертпей қарымдысаусақтар аузын басып тұншықтырып, басы-көзіне әлденені орап бүріп әкетті. Көпкешікпей ақ аяғы бірлі жарым серең қағып өлі дене жантая сылқ құлады. Қолындағыақшасы саудырай төгілген...
Қала сыртына ағылған қалыңмашинаның бірінде денесі суып үлгермеген өлік кетіп барады...
3
Таудан төмен құйыла соққанкөкдаңғыл төңіректі иіс-қоңыстан аршығанда барып еті тіріліп, жаны кірген. Нешекүн бойы нәр татпай титықтаған бейшараның жүрегі сазып, өзегі талған. Орнынанкөтерілуге дәрмені келмес өлімші хал. Аш ішегіне ас айланбағалы қашан! Соңғырет қай күні еді, күресіннің арасын қопарып жүріп көгеріп, базданып кеткентастай қатты нанды тіске сыздық еткені?! Бір аптадан да ары болу керек жаңылаберді...
Басын аяғының арасына салыпсансыз түнгі оттардың ішінен мұнартып көрінген нән қалаға қарап еді қосбүйірінен белгісіз қандауыр безілдетіп сыға жөнеледі. Осы улы-дулы өмірдіңқазанында азуы тіс жармағаннан бастап қайнаған екен. Бұл күндер қақсаланыпбажыған. Өлігін көрсетпей жер бетінен із-тозсыз жоғалатын ақырғы мерзім бұны күткелі қашан! Адыра қалғыр тәнді жасыраржәйлі жер іздеп шарқ ұрғалы да неше қар басты. Қайда барса да кезіп жүргенадамзат, зәулім шаһарлар. Ол осы қалада көзін ашса жол шетіне болса да сылқиыпқұлай салар еді. Бірақ санасыныңтүкпіріндегі алғаш бауырын жинаған дала ол міскін кейіпке жібермейді. Не өзінежеткізбейді. Жетем деп қаншама қансоқтаға түсті. Саршұнақ аязда үсініп, аптапыстыққа қарылды. Тірсегінен бит төгілген бидарқа тірлік. Аш болды, тоқ болды,бәрібір бұғыңқы өмірде қай бір сиық бар, ақыры хас тесікөкпенің өзі етіпшығарды.
Сансыз жыл сергелдеңге түсіпқаладан жол тауып ұзап шыққаны бүгін. Күткен бақытына жеткенмен қуана алмады.Ептеп бойы сергігені болмаса сол баяғы марғау қалпы. Зарықтырған аңсарлы қалауқаншама бодау беріп қол жеткізгенде дүбәрә дүниеге айналғаны жанына тастайбатты. Қаңғылестеп өткізген сұм уақыт енжарлықтың уытын тамырына айықпастайетіп құйған. Аңсарлы даласы алданыш қана екен...
4
– Алдыңнан бір таудыңешкі-текесін айдап өттім, әдетте қылт еткенді мүлт
жібермеуші едің, не болды, әке?
– Мылтығым қырсыққан-ау шамасы,оталмай қойды, – деді Дәркенбай
атының айылын тартқан беті.
– Оталмағаны несі, әке !? 13рет аттың ғой тау-тасты жаңғыртып, мен
қырып тастады екен десемші, –деді қоңызмұрт қара жігіт бесатардың ұңғысын еліктің жіліншік майымен сүртіпжатып.
Дәркенбайдың шоқша сақалы дірете түскен. Бір сұмдықтың болғанын іші сезді. Қап сол күнгі маралды бекер-ақ…Бұл өзі ғана білетін сыр. Таң ақселеуленгеннен тау биігінен табылатын аушыныңбүгін бір кежегесі кейін тартып, ана-мынаға күйбеңдеп жүріп күнді де арқан бойыкөтеріп алып еді. Барғысы келмесе де беркініп алған соң райынан қайтып, жаманғажори алмады. Бүгін жәйімен Мұздыашаға жетіп ертең істің ығына қарай көрежатармын деді де аттанып кетті. Құнан өгіздей қос қара ала төбеті ауылғажалтақтап қарап соңынан ерген...
Аң көріп жүріп бұндай кәрітаутеке көргені тұңғыш. Бунақталған шаңырақтай мүйізі екі-үш оралып кеткен.Асудағы жалғызаяқ шынтақшада бетпе-бет келіп қалды. Қос итке үдірейе қарап,енді бар қимылдың кеш екенін ұққандай мүйізін төсеп тұра ұмтылды. Дәркенбайдыда бір әуестік жеңген. Мұндай қауқарсыз кәрісіңірлерді талай мініп жуасытып,көнбегендерін тау басынан лақтырып жіберетін. Бұл жолы да бір оқты теккеатпайын деп табан астындағы шыңырау құзға, етекте бұлдырап әрең көрініп ағыпжатқан асау өзенге бір қарап алды да, мүйізтүптен шап беріп ұстап, мойнынбұраған. Теке бір бүйірлеп жығылғанда бар күшімен жалама құздан төментастаған...
Зәу биіктің қазиек қырынан асыпқұлаған жалғыз керқұба кәрі теке ғана емес. Оның арбиған мүйізі Дәркенбайдыңбелбеуіне ілініп қалған болатын...
5
Үзік-үзік түстер көріп ұзақжатты.
Бұл әубастан кеуілжірі кесіліптумаған еді. Бақытты күні болған, бірақ тым келте. Оны есіне алса көз алдынамұнартып биік-биік асқаралы таулар, мыжырайған жалғыз ауызды үй келеді.Құлдыраңдап жүгірген кішкене бала, соңынан томпаң қағып өзі кетіп бара жататын.Мұны басынан сипап, бауырына қысып өбектеп әлегі шығатын. Құлақасқа тай үшеуікүнұзақ үй қарасын көрмей далақтап ойнайтын да жүретін. Майлы сорпа мен еттісүйектен көз ашбаушы еді. Түсінің осы тұсында сілекейі шұбырып жерге тамыпжатты.
Басқа ересек екі кісі болатын.Бұнымен жұмысы жоқ көбінде көп аттылы жаяу болып кешке не түн жамыла келіпжатады. Қашан үйден шығып кеткенін білмейтін. Олар келгені бұл үшін үлкен той, қанысорғымаған жас етті іші шертиіп, жарылуға шақ қалғанша жейтін.
Және бір жақсы көретін адамыосы үйдегі шүйкедей кемпір. Өзінің қолы ашық, ақеден. Күніге үш уақыт кемітпейтамақ беріп тұрады. Бұл соған риза. Табалдырықтан аттап шықса аяғына еркелеп оралакетеді.
Өзінің екі тұқымдас ағасы бар,қара ала, зор денелі. Оларға бұл именіп қарайтын. Бірақ бұларда көбінде үйдежоқ, адамдармен бірге кетеді. Болған күннің өзінде де үй көлеңкесінен шықпайұйқыға басатын. Ойнағысы келіп қастарына барып түртпектесең азуын бір ақситады.Безе жөнелесің. Оқта-текте мейірімі түсіп қалғанда бұнымен алысып ойнайтын.Әйтсе де желкесінен тістелеп, кеудесімен соғып құлатып әбден сілікпесіншығаратын.
6
Бір күні тал түсте қаралатөбеттің біреуі құйындатып үйге келген. Келген бойы есіктің алдын тырмалапқазып, байыз таппай шырқ айналып жүгіріп, тауға қарап ұли берді. Үйдегілердіңқорыс-қопасы шығып, есі кетті. Бір жамандықтың боларын бұл да сезген. Үйдегіжігіт мама ағаштағы атын ерттеп ит бастаған жолменен тауға қарай шапқан. Үйдекемпір мен бала қалған аңырасып. Аңтарылып тұра бермей не болса да деп қаралатөбет пен аттылының артынан шәуілдеп ере жүгірген. Жанын салып қалмауғатырысқанымен аралық бірте-бірте алыстай берді. Ақыры бір өзенге келіптірелгенде олардың қарасынын көре алмай адасып қалды. Екі өкпесі өшіп, тілісалақтап титықтаған.
Қара ала төбеттің құздан ұшыпқолы қол, саны сан болып боршаланған адамның сүйегіне ертіп барғанын, және біртөбеттің сүйекті қаптаған қалың қарға-құзғын, ит-құстан қорып шыркөбелекайланып жүгіріп жүргенін көрген жоқ. Ол адамның үйіндегі екі кісінің біреуіекенін де кейін білген.
Қайтар жолда адасып кетіп,ортада екі күн далаға түнеп үйді зорға тапқан. Келген беті ауылдың мүлдемөзгергенін, жат адамдардың да бар екенін көрді. Үйден шығып келе жатқан өзініңбала досын көргенде қуанып кетіп жепеңдеп жанына жетіп барғаны сол еді,қақбастан қаңқ еткізіп бір тепті. Тұңғыш таяқ жеуі осыдан басталды. Ауыл бұрыңғыдайкүлмейді, шаттанбайды. Бұған тамақ беруді де қойды. Екі қара ала төбет болсаауыл сыртындағы томпайған жас топырқтың басынан шықпайтын болды. Сонда ұлиды даотырады.
Бірер күн бойы қос төбеткөрінбей жоғалып кеткен еді. Үйдегі жігіт екеуін атпен сүйретіп келе жатқанынбір-ақ көрді. Өздері басынан шықпайтын төмпешіктің қасына әкеліп төбеттердікөмді. Бұл сонадайда қарап отырды шошайып. Көтерсе де, сүйресе де, топырақпенбастырса да қыңқ етпейді. Таңғалды. Күніге келеді, төбеттер жоқ, төмпешікекеу...
Бөгде адамдар тағы да көбейді.Тегіс жылап жүр, азан-қазан. Түкке түсінбеді. Іші пысып айланып келе жатса өзенбойындағы жарлауытта құлақасқа тайдың тура алдындағы төбеттер сияқты қыбырсызжатқанын көрді. Балада бар шығар деп қуанып кетіп, қасына келіп шәуілдегеніментай орнынан қозғалмады. Қолқасын бүксіген жат иіс қапты. Салы суға кетіп қайтыпкеле жатса төмпешіктердің қатары және біреуге молайған екен. Содан тартыпмейірбан кемпір де көзге түспеді...
Араға аз күн өткенде бөтенадамдар мүлде көбейіп кетті. Әлде неге әбігер. Топтасып бір нәрсені көтеріпалып ауыл сыртына кетті. Арқаны кеңге салатын арқайын дүниенің күллі көккеұшқан сынды. Жалғыздық жеңіп бара жатты жабауратып. Тосын мінез көрсеткенадамдар үй ішіндегі дүниемүлікті тыста тұрған арбаға тиеді. Жапырайған жалғызүйден өзге сынық қурай қалмай әлде қайда бет түзеген. Бұны кішкене досы алдынаалып, арбаның бір бұрышына отырған. Жолда үйдегі жігітті іздеп еді, таппады.Шабдар атын әлде біреу жетелеп келе жатыр, жал-құйрығы түгел тұлданған. Ендіоларды ешуақытта көре алмайтынына шүбәсыз сенді...
7
Ышқынып өткен поезд даусынаноянып кетті. Недәуір тыңайып қалған екен. Бақанақтың да қақсағаны бәсейіпті.Қайтадан ұйықтап үзілген түсін жалғауға құлықсыз. Одан кейінгі күні қараң,өмірі құқай менен қорқынышқа толы.
Арбамен ауылдан алыстаған соңұзақ жүргенін біледі. Бір жерге келгенде қапқа салынды, әр жерінде ауа кіретіниненің көзіндей ғана тесіктер бар.
Содан не керек, осы қаладан бір-ақшыққан. Алғашқы бірер жылында тұрмысы әбеқоңыр болса да нашар болмады.Мәрмәрмен безелген зәулім үй қақпасының бір бұрышында мұның да үйшігі бар.Кішкене досы аптасына бір рет ат ізін салып келіп тұрады. Көшелерге жетелепшығады. Сапырылысқан қалың адам, жүйткіген көліктерді көріп аңырған, бірден бұлтіршілікке жат болып жүрді, көндігіп кете алмады.
Есейген сайын үй иесіне жақпайсиымсыз, сүйкімсіз бола түсті. Қожайын қыржыңдап қарап, қақаң-сұқаңы көбейген.Аштан бұратылып байлауда апталап жатып қалатын күндер де жиі туған. Үніңдішығарсаң пәле, көгала қып сабайды. Қамқоршы бала да зарықтырып көпке дейінкөрінбей қалатынды шығарды.
Бірде беймезгіл қақпадан кіріпкеле жатқан адамның балтырынан ала түсем деп басына бұлт үйірілді. Гүрілдепшыққан үй иесі салақұлаш темір сойылмен төбеден оңдырмай ұрған. Көзінің отыжарқ етті. Ары қарай не болғанын білмейді. Есін жинағанда қалың қоқыр-қоқсықтыңарасында жатыр екен...
Содан тартып адамнан іргесіажырап, бірте-бірте мүлдем ардаланып кетті. Жабайы тірлік басталған соң жақсыкөретін бала досынан да кешулеспей қол үзген. Бар ұғынғаны қала қаншалық үлкеейгенсайын адамның пейілі де соншалық тарылып, ізгіліктің сөнетіні. Жатса-тұрсаесінен жапанда қалған жалқы үй менен төмпешіктер кетпейді.
8
Ішінде итұлыған. Қаужайлайтын бірдеме табу керек. Орнынантұмсығымен жер сүзіп жатып әрең көтерілді. Басы ауған жаққа қарай шолтаңдаплаққан. Тайырылып тозған табанға күздің ақсирақтанған шөп-шөңгесі батса даауырсынып қиралаңдайды. Иен даладан көлденең олжа таба қоюы неғайбыл. Ендіқайтпек керек?! Қалаға қайта барайын десе бәрі бір сандалбай өмір.
Сары аяғы саусап аядай жылғасымақтан өте бергендеқарайған әлдененің сұлбасын көзі шалған. Кілт тоқтап үрпиісе қарап, адам екенінкөргенде есі шығып сасқанынан қаңқылдап қаша жөнелді. Бірақ ешкім қумаған,соңынан айғайға баспаған. Тып-тыныш. Тас лақтырым жерге барып шоңқиып отырды.Төніп тұрған қауіп жоқ. Қайтадан жүрек тоқтатып, баспалап таяу келді. Адамқыбырсыз. Қасына келіп ыңырсып үрді, сонда да ләм демейді. Үргені адамныңкүлгеніне ұқсап кеткен бе қалай?! Ит болып үрмегелі не заман. Адамға таяу келсеекбетінен жатыр екен, иығынан тістеп аунатқанда аппақ жүзіне қолаң шашытөгілген. Сонда да көзін ашпады.
Есіне құлақасқа тай менен төбеттердің де дәл осылаймызғымастан жатқан бейнесі келді. Енді бұл оянбайды, қорқатын дәнеңе жоқ.Ендігі қожаң мен деген менмендік сезім буынын алған.
Адам етіне тояттанғысы келген тосын ой қызыл иегінқышытып, таңдайын суырып бара жатты...