Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:18, 22 Ақпан 2024

Халыққа дәрі-дәрмек тегін беріле ме? Министр жауап берді

Министр
Фото: из открытых источников

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің қайта қаралатынын мәлімдеп, сапаға назар аударылатынын айтты. 

“Онда препараттардың сапасын бақылау шараларына басымдыққа беріледі”,- деді Әлназарова кеңейтілген алқа отырысында.

Оның айтуынша, соңғы жылдары амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындары екі есеге артты. Алайда 41 ауру түрлері бойынша пациенттер тек 50%-ға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Бұл мәселе үлкен алаңдаушылық туғызып отыр.

“Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке орай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді”,- деп атап көрсетті министр.