Әлеумет

Халық Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды

Халық белгілітележурналист Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміТалдықорғандағы журналистер үйінде өтті.

Халық Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды

Көрерменнің сүйіктісіне айналып, әр қазақтыңжүрегіне мейірім ұялата білген Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салуғахалық көп жиналды. Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай», «Қарекет» сияқты жобаларынамиллиондар разы болса, Жетісу журналистер үйі сияқты өзі мұрындық болыпсалынған көп дүниесі көпшілікке беймәлім.

Алөмірінің соңғы алты жылында басшы болған «Жетісуда» Бейсен Құранбек бір шоғыріні-қарындасына жол көрсетіп кетті. Елдің мұңын өз мұңындай көріп, көпке қамқорбола білген жүректі азамат жүрналистіхалқы шын жақсы көрді. Іні-бауырларын «батыр» деп еркелететін ардатұлғамен ел-жұрт қимай қоштасты.

Кешелі бері ел сүйген азаматтың бақилық болуына байланысты отбасына,жақындарын көңіл айтқан Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев:  «Ол еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Саналы ғұмырын отандық телевизияның дамуына арнады. Өз ісініңкәсіпқой маманы ретінде ұлттық ақпарат саласының дамуына елеулі үлес қосып,туған еліне адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналды. Талай тың әлеуметтікбағдарламалардың дүниеге келуіне септігін тигізді. Оның өнегелі өмірі менжарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенемін»,-деген мәтінде жеделхатжолдады.

Елдің сүйіктісіне айналған БейсенҚұранбектің қайтыс болуына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та оныңотбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады:

«Белгілі журналист, танымал тележүргізуші Бейсен Құранбектің дүниеденөтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. БейсенҚұранбек қазақ журналистикасында өзіндік орны бар, кәсіби қолтаңбасынқалыптастырған азамат еді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Айтуға оңай»,«Қарекет» бағдарламаларын жүргізіп, елдің ыстық ықыласына бөленді, халықтыңалғысын алды. Ол Алматы облыстық «Жетісу» арнасының директоры ретінде біліктібасшы, ұтқыр ұйымдастырушы екенін де көрсете білді. Марқұмның топырағы торқа,жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!», – делінген жеделхатта.

Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында өмірден озды. МарқұмТалдықорғанға қарасты Еркін ауылында жерленеді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз