Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:30, 27 Мамыр 2024

ХАМАС кейінгі төрт айда алғаш рет Тель-Авивке зымыран ұшырды

Зымыран
Фото: sova.news

ХАМАС кейінгі төрт айда алғаш рет Тель-Авивке және оның айналасын зымыранмен атқылаған. Жексенбі, 26 мамырда Тель-Авивтің орталығында бірнеше жарылыс болды. Жағалаудағы мегаполисті қоршап тұрған бірқатар қалаларда зымыран туралы ескертулер естілген.

Дәрігерлердің айтуынша, баспанаға бара жатқан екі әйел жеңіл жарақат алған. Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласынан Тель-Авивке қарай сегіз зымыран атылғанын хабарлады. Бірнеше зымыран зымыранға қарсы қорғаныс жүйесімен атып түсірілген.

Шабуылға жауапкершілікті ХАМАС өз мойнына алған. Олар Израильдің палестиналық бейбіт тұрғындарға қарсы әрекетіне жауап ретінде Израиль мегаполисіне зымырындар ұшырған. Тель-Авивке кейінгі рет 29 қаңтарда Газа секторынан зымыран ұшырылған еді.

Айта кетейік, Израиль-Палестина қақтығысы басталғаннан бері 36 мыңға жуық палестиналық қаза тапты. Израильде құрбан болғандар саны 1400-ден асты. Газа секторының 2,3 миллион тұрғыны Израильдің жаппай әуеден бомбалауы мен эксклавты толық қоршауының салдарынан азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегіп отыр.