Саясат

ХАҚ партиясына Бекболат Тілеухан мен Қайрат Сатыбалдының қатысы жоқ

Бүгін Алматықаласында азаматтық белсенділер Тоғжан ҚОЖАЛИЕВА, Болат ЖҰМАТАЕВ, ДәулетӘБІЛҚАСЫМОВ, Руслан ИВАНОВ, Батыр АДАЙБАЕВ және Аягөз ХАМИТОВА Халыққа адалқызмет «ХАҚ» партиясын құратындықтарын мәлімдеді.

ХАҚ партиясына Бекболат Тілеухан мен Қайрат Сатыбалдының қатысы жоқ

Аталмыш мәселегебайланысты өткен баспасөз мәслихатында партия манифестін оқыған белсенді ТоғжанҚожалиева партия құруларының басты себептерінің бірі авторитарлық жүйені жоюжәне өзгеріске жол ашу деді.

«Біздің мақсатымыз авторитарлық жүйені жою, елімізгеРеспублика мәртебесін қайтару. Республика – бұл тең мүмкіндіктер мен Ата Заңныңбарлығынан жоғары тұруы… Жемқорлық, бір партияның монополиясы, көсемдік арттақалуы тиіс», — деді Қожалиева.

Азаматтық белсендіБолат Жұматаев өздерінің партия құруын маусым айында өткен президент сайлауыменбайланыстырды. Оның сөзінше, олар сол сайлаудан кейін Қазақстанның саясиплатформасын зерттей бастаған.

«Біздің партия құруымызға маусым айында өткен президентсайлауы себеп болды. Біз бұл сайлаудан не күттік? Біз ол сайлаудан сабақтастықемес, өзгеріс күттік. Еліміздің саяси платформасын зерттей келе біз «Нұр Отан»партиясынан басқа салмағы бар, тіркелген ешқандай саяси күш жоқ екендігінтүсіндік. Иә, ҚДТ (ДВК) партиясы бар. Бірі «біз әдеміміз бізге келіңдер», — дейді. Енді бірі «біз ақылдымыз бізге келіңдер», — дейді. Ақылды да көріктібізге не істеу керек? Біз өз партиямызды құрамыз деп шештік. Маусым айынанбастап партия құру жөніндегі жұмыстарымызды бастадық», — деді Жұматаев.

Бастамышыл топмүшесі, заңгер Дәулет Әбілқасымовтың айтуынша, Әділет министрлігі партиянытіркеуге қатысты өтініштерін қабылдамай тастаған.

«Қазан айының 31-і күні біз партия құруға байланыстыарнайы топ құрдық. Біз істелуі тиіс дүниелердің барлығын жасадық. Қараша айының4-і күні партия құратындығымызды ескерту үшін Әділет министрлігіне бардық. 5-шіқараша күні партия тіркеу туралы өтінішіміздің қабылданбайтындығыкөрсетілген құжат алдық. Олардың уәжі бойынша, біз мемлекеттік қызметстандарттарын дұрыс орындамаппыз. 2019 жылдың 26 маусым күні Әділет министрініңбұйырығы бойынша заңға өзгеріс енгізілген екен. Біз бұл жұмысқа кіріскенде заңдабастамашыл топ 10 адамнан кем болмауы тиіс делінген. Өзгертілген заң бойыншабастамашыл топ кем дегенде 1 мың адамнан жасақталуы тиіс. Осы уақытқа дейінБас прокуратура мен Әділет министрлігіне түсініктеме берулерін сұрап хатжолдадық», — деді Әбілқасымов.

Белсенділердіңсөзінше, Әділет министрлігі заңның өзгергендігі туралы ешбір жерде халықтықұлақтандыратын ескерту жасамаған.

Айта кететін бір жайт,бұған дейін БАҚ беттерінде «депутат Бекболат Тілеуханның келіні Тоғжан Қожалиева «ХАҚ» партиясын құрмақ» деген ақпараттар тараған. Қожалиеваның өзі бұлпартияның артында Тілеухан да, Сатыбалды да, ешкім де тұрған жоқ деген уәж айтады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз