Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:05

Харбиндегі Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті

Константин Борцов
Константин Борцов. Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарында үшінші медальді жеңіп алды.  Команда қоржынына қоланы қазақстандық шаңғышы Константин Борцов салды.

Жеңімпаз қытайлық Ван Сиан болса, күміс жүлде жапондық Харуки Ямашитаға бұйырды. Олжас Климин қорытынды есепте бесінші орын алды.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапында шорт-трекшілер мен конькиші Евгений Кошкин медаль алған болатын.

Ерлер арасындағы 100 метрге жүгіруде Қазақстан құрамасының конькишісі Евгений Кошкин күміс жүлде иеленді.Ал Қазақстан шорт-трек құрамасы Азия ойындарында 2000 метрге аралас эстафетада күміс жүлдегер атанды. Бұл спорт түрі бойынша Қытайдың Харбин қаласында өткен жарысқа ел атынан Яна Хан, Малика Ермек, Денис Никиша және Әділ Ғалиахметов қатысты.

Қысқы Азия ойындары 7 ақпанда ашылды. Ойындар Харбин мен Ябулиде өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан атынан 137 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Жарысқа Азияның 32 елінен мыңнан астам спортшысы барған.

Медальдар спорттың 11 түрінен беріледі. Шорт-тректен басқа, оларға конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, тау шаңғысы, сноуборд, фристайл, шаңғы жарысы, биатлон және шаңғымен альпинизм кіреді.