Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:19, 09 Қазан 2024

Химия бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

ы
Фото: nobelprize

Нобель сыйлығының химия саласы бойынша жеңімпаздары анықталды. Аталған салада биылғы жүлде ақуыздардың компьютерлік дизайны және олардың үш өлшемді құрылымын болжағаны үшін берілді.

Марапаттау екі бөлікке бөлінді. AlphaFold2 бағдарламасын жасаушылар Демис Хассабис пен Джон Джампер «үш өлшемді ақуыз құрылымын болжау» және Дэвид Бейкер «белоктардың компьютерлік дизайнын» жасағаны үшін алды. Бұл туралы бүгін Стокгольмде Нобель комитеті хабарлады.

Нобель комитетінің веб-сайтындағы жарияланымда түсіндірілгендей, Хассабис пен Джампер барлық белгілі белоктардың құрылымын болжау үшін жасанды интеллектті сәтті пайдаланды. Ал, Бейкердің жұмысы мүлдем жаңа ақуыздарды жасауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2024 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары 7-14 қазан аралығында анықталады, атап айтқанда:

7 қазан - физиология және медицина,
8 қазан – физика,
9 қазан – химия,
10 қазан – әдебиет,
11 қазан - бейбітшілік,
14 қазан - Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика ғылымдары бойынша Швеция Орталық банкінің сыйлығы табысталады.