Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:40, 05 Маусым 2024

Храпунов сатып жіберген медициналық мекеме мемлекетке қайтарылды

Храпунов
Фото: viktorkhrapunov.com

Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешені мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Бұған дейін Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 27.11.2023 жылғы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын. Сот шешімі заңды күшіне енді, делінген хабарламада.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар бұл кешенді, Алматы қаласының бұрынғы әкімі В. Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 25.04.2024 жылғы қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда.

Фото: viktorkhrapunov.com

Тегтер: