Індет әлі шарықтау жегіне жеткен жоқ –Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда COVID-19 — жаңавирустық инфекциясын жұқтырғандар саны өсіп жатқанын, бірақ геометриялыққарқынмен емес екенін айтты.
Бұл туралы Мемлекетбасшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Қазақстанда COVID-19 — жаңа вирустық инфекциясынжұқтырғандар саны өсуде, бірақ геометриялық қарқынмен емес. Бұл қабылданған шешімдердің дер кезінде қабылданғанынбілдіреді. Бірақ індет өзінің шарықтау шегіне әлі жеткен жоқ. Мен азаматтарданкарантин режимін сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскериқызметкерлерге, волонтерларға алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне де назар аударукерек»,- деді олжазбасында.