COVID-19

Індет: Жалған статистика кімге керек?

Елімізде індет жұқтырғандар саны әуелгі айтқан болжамнан асып кетті.Денсаулық сақтау министрі Е.

Індет: Жалған статистика кімге керек?

Біртанов бір пікірінде «індеттің шарықтау шегі 3жарым мың адамға жеткенде беті қайтуы мүмкін» деген еді. Қазір дертжұқтырғандар 4 мыңға таяп қалды. «Мамыр айының соңына таман 5 мыңнан асуымүмкін» дейді тағы бір дерек көздерінде. Қалай десек те, ДДСҰ мамандары да,дәрігерлер де бұл індеттің арамыздан әзір кете қоймайтынын әу бастан-ақ айтқан.Тіпті, күз айларында қайта өршитінін де қаперге салды.

Үрей мен үміт

«Ауру айтып келмейді». Бірақ кейбір атқамінерлер: «Әрі кетсе бір аптаның ожақ, бұ жағында келуі мүмкін» деп жүкті әйелдің сәбиді өмірге әкелетіні сияқтыболжам жасап, талайдың күлкісіне қалған.

Бұл ауру ә дегеннен қос өкпеден алады екен. Ең қауіптісі, алғашқы белгілерібілінбей, өкпенің жұмыс істеу қабілетін төмендетуі мүмкін. Иммунитеті әлсізадамдардың кез келген дертті жабыстырып алатыны сияқты мұны да тез қабылдайды.Ал мамандар коронавирус індеті тұмаудың асқынған түрі екенін айтуда. Тіпті,«Бұл індеттің жарнамасын асыруға ақпарат құралдары да атсалысып жатыр. Халықтыбұлай үрейлендіруге болмайды» деп бейнеүндеу жариялаған мамандар да болды.

Алайда, біздегі статистикаға наурыздың 13-інен бастап «старт» берілгенсияқты. Құдды елдегі індет жұқтырғандардың диагнозы бір уақытта анықталған бадерсің. Міне, сол көрсеткіш тоқтамай, 4 мыңға жуықтап қалды. Өлім көрсеткішіжөнінде де күмән туғызатын жайттар бар. Ләззат Дүйсенбекова өзінің Фейсбукпарақшасында жарты жылдан бері бауыр церрозы диагнозымен ауыратын ағасының қанқысымы төмендеп, жедел жәрдем шақырғанын жазды. «Сонымен бәрі бітті.«Науқасының жағдайын өзіміз білеміз, ауруханада жатпай-ақ қойсын» дегенімізгедәрігерлер көнбей қойды. Әншейінде «Біреулер ауруханаға жата алмай жүр екеннемесе нашар, алып кетіңдер депті» дегенді еститін едік. Жабысып айырылмады.Ағамыздың халін, диагнозын көріп қуанып кеткен болуы керек: «Короновирусқа бірклиент табылды» деп. Қолды-аяққа тұрғызбай, ана ауруханаға бір апарып, мынаауруханаға бір апарып, ақыры короновирус қылып шығарды. Содан бауырымыздыкөрмедік. «Қалқаманның мәйітханасынан полигонға алып кетеді, неше метр жерде тұрыпқоштасуға екі адамға ғана рұқсат» дегенді естіп, жанұшырып молда тауып,Қалқаманға жеттік.   Сол жерде жаназасы шығарылды. Жәшікке салып,оның бетін шегелеп тастаған екен, жүзін де көре алмадық. Мәйітті арнайымашинаға салды, бізге бір машинамен арттарынан жүріп баруға рұқсат етті.Қабірді қазіп дайындап қойған екен. Ақым жоқ, шамамен 1,5 метр тереңдіктеқазылыпты.

Табыт қабірге түсірілген соң үстіне екі мөшек хлор төкті. Бұл не? Адамқайтып кетті, оны дезинфекцияладың, матаға орадың, сыртынан целофанға орадың,оны жәшікке салып шегеледің. Қабірге жәшігімен салдың, енді оның үстіне екімешок хлор төгіп не керек?« деп ашынған қарындасы.

Осыдан кейін қайтыс болған марқұмдардың ажалы нақты COVID-19 диагнозынанкелгеніне қалай сенуге болады? Мұндай мысал көбейіп кетті. Бұл – бірі ғана.

Журналистің жазығы не?

«Індет елімізге әне-міне кеп қалды» деп жарғақ құлағы жастыққатимегендердің алдын ала дайындығы да белгілі болды. «Бұл індеткесақадай-саймыз» деген билік те, министрлік те не істерін білмей дал болды. Немедициналық маска жоқ, не дәрігерлер қорғанатын киім жетіспеді. Мұның бәрінбасқа елдер гуманитарлық көмек есебімен әлі күнге дейін жіберіп жатыр. Осыуақытқа дейін Қытайдың өзі бізге екі партия гуманитарлық көмек жөнелтті. Солқорғаныш киімнің тапшылығынан елімізде 600-ге жуық дәрігер дерт жұқтырып алды.Оның көбі Алматы қаласындағы Орталық аурухананың дәрігерлері. Енді осыны қалайтүсінуге болады? Айтайын десе, басшылықтан қорқады, айтпайын десе ішкі жүйешіріп барады. Амал жоқ, журналист қауымға арқа сүйейді бәрі.

Орталық ауруханадағы былықты ашып, сауал жолдап, анық-қанығына көзжеткізген санаулы тілшінің бірі Ирина Советжанқызының үстінен аурухананыңбұрынғы басшылығы арыз түсіріпті. Оған себеп – Фейсбук парақшасында жазған мынажазбасы: «Алматыдағы Орталық ауруханада бүгін тағы сегіз медицина қызметкеріненCovid-19 анықталды. Олардың жақындары да карантинге жабылып жатыр. Сол жақтан келіпжатқан хаттарға қарағанда, адам саны ресми цифрдан да көп болуы мүмкін. Кешегікүнмен қосқанда, бір ауруханадан 20 адамнан коронавирус анықталды. Ондаинфекция ошағы ретінде неге жабылмай тұр? Ауруханада жатқан науқастар, оларғакеліп-кетіп жүрген жақындары, автобуспен жұмысына барып-келіп жүрген медицинақызметкерлері бар, әр сағат маңызды кезеңде аурухананы толығымен карантингежабуға неге асықпайсыздар? Кеңірек таралғанын күтіп отырмыз ба?», – депДенсаулық сақтау министрлігіне сауал тастаған.

Тілшінің өзі: «Орталық клиникалық аурухана Фейсбукте жазған жазбаларым үшінүстімнен полицияға арыз түсіріпті. Орталық клиникалық ауруханадағы алғашқыCovid-19 деректерін анықтағаным үшін, «инфекция ошағы ретінде негежаппайсыздар?» деп министрді белгілеп, пост салғаным үшін. Мен кімді қорғап, неүшін шырылдадым сонда?» деп шыр-пыр. Сол кезде індет 20 медицина қызметкеріненанықталса, әп-сәтте 200-ге жетті. Қазір еліміз бойынша 850-ден асты. Сондамұндай қорқынышты статистиканы жұрттан жасырудың керегі бар ма?

Үстемақыдан басталғандау дақпыртқа айналды

Елімізде індет өршіп, жұқтырушылар саны арта бастағанда бар күш медициналыққызметкерлерге түскен. Әуелгіде кейбір аурухана Алматы облысы аумағында тұратынақ халаттыларға жатын орын тауып беруге шамасы келмей, біраз мәселе тілшіқауымының араласуымен шешілген. Одан кейін үстемақы мәселесі шығып, көмек қаржыалдыңғы шепте жүрген медициналық қызметкерлердің үш санатына беріледі делінген.Алайда, Нұр-Сұлтан қаласының індетке қарсы күресте жүрген дәрігерлері де, жеделжәрдем бригадалары да, диспетчерлері де үстемақы ақшаға қол жеткізсе, Алматыдабұл үлкен дауға айналды. Тіпті, редакцияға хабарласып, үстемақы мәселесібойынша шағым түсірген Алматы қаласындағы №6, №8 жедел жәрдем станциясы бригадақызметкерлеріне де өз тарапымыздан көмек қолын созғымыз келген. Одан кейін дәлосы жайтпен Алматы облыстық шұғыл көмек көрсететін жедел жәрдем бригадасыныңмамандары да хабарласты. «Covid-19 жұқтырған науқастармен жұмыс істегендерге детөленген жоқ. Алматы және Талдықорған қаласындағы жедел жәрдембригадасындағылар алды деп естідік. Сонда біз неге алмаймыз?» деген олар.Алайда, бұдан соң Талдықорған қаласынан келген облыстық денсаулық сақтаумамандары жаңадан шыққан бұйрықты көрсетіп, үстемақының төленбейтінінжеткізген. Енді олар тек барған сағатына ғана алады екен.

Президент жарлығымен, Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен төленетінүстемақы ақыр соңында бәріне берілмейтін болып шықты. Денсаулық сақтауминистрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп індет жұқтырған дәрігерлердің бәрібірдей өтемақы ала алмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, үстемақы бұдан былайтек науқастармен тікелей жұмыс істеген дәрігерлерге ғана төленеді. «850медицина қызметкерінің 66 пайызы емханаларда, инфекцияға қатысы жоқ ауруханалармен сыртта жүріп жұқтырып алғандар. Ол не үшін 2 млн теңге алады? Ол өзіқорғануы керек, шапка, маска, қолғап кигені дұрыс еді. Себебі, ол жердекарантин жарияланған», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Жақсылық Досқалиев, Денсаулық сақтау экс-министрі: Жұмыстыбағалау керек

– Бұл – бұрын кездеспеген инфекция. 2003 жылы SARS, 2008 жылы MERS дегентүрі шықты. Ал Covid-19 бұрын бізде де, басқа елдерде де болмаған вирус. Мұныңмінездемесін анықтаудан бөлек, ізденіс жұмысын жүргізу керек. Ең бірінші бұлаурумен қарым-қатынас жасап жүрген – дәрігерлер, екінші – блок бекетте тұрғансарбаздар, еріктілер. Қазір санның өскенінен қорықпау керек. Тіпті, адамауырмаса да, вирус қаннан анықталып жатыр. 87-88 пайызы жеңіл түрде өтуде. Оның99 пайызы жазылып кетеді. Инфекцияның мінездемесін білмесек те, алдын алашама-шарқымызша жұмыс жүргізілді. «Кім ауырады?» деп қол қусырып отыруғаболмайды. Сондықтан министрліктің жұмысын бағалау керек.

Індет елімізде тарағалы бері қаншама басшы қызметінен кетті. Алайда,«осындай қысылтаяң шақта ауыс-түйісті қоя тұрайық» деген Президенттің сөзі деқұлаққа ілінбеді ме, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннен бастап,Атырау, Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшыларына дейін жылыорнын босатса, іле-шала Алматыдағы бас санитар дәрігер Айзат Молдағасымова дақызметінен кетті. Оның орнына Бекшин жайғасты. Алматы қалалық Денсаулық сақтаубасқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаевты індетке қарсы күресте әлсіздік таныттыдеді ме, орнына Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары КамалжанНадировті тағайындап, Алматыға аттандырып еді. Ол да індет жұқтырып, ауруханадаем алып жатыр. Былайша айтқанда, бұл індет аяқталғанша талай былықтың бетіашылатын сияқты.

nege.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз