Індет жұқтырған жамбылдық дәрігердің мәселесі шиеленісі түсті
Басшыларыбетпердені өздеріне тіктіріп, қауіпті індеттен қорғану құралдарын «үнемде» депбермеуінің салдарынан коронавирус жұқтырдым деген Меркі аудандық ауруханасыныңинфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның басындағы жағдайды Денсаулық сақтауминистрі Е.
Біртанов жеке бақылауына алғанын айтқанымен, мәселе оңынан шешілудіңорнына шиеленісе түскендей.
Олай дейтініміз –кеше Т.Ордабаеваның жұмыс кабинетіне түн жарымында тексеру жүргізіліп, 400 данабір реттік бетперде және басқа да қорғану құралдарының «табылғаны». Бұл жайындаТолқынай кеше түнде әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.
Біз бұл бойыншабүгін Толқынайға тағы да хабарластық. Денсаулығы түзеле бастағанын, денеқызуының түскенін айтқан Ордабаева кабинетіне тексерушілердің барып, 400бетперде мен өзге де қауіпті індеттен қорғану құралдарының табылғаны жөніндемейірбикеден естіген. Бұл жайында Толқынай: «Менімен бірге карантинде жатқанмейірбикеге тағы бір әріптесіміз менің кабинетімнің кілтін сұраған болыпхабарласқан. Әйтпесе, аудандық аурухана дәрігерінің кабинетін ашу оларға сөзболып па? Өздерінше сценарий құрған түрлері ғой. Бар былықтарын әшкерелегенненкейін менің өзімді жазықты ету үшін жасап жатқан әрекеттері деп білемін.Әйтпесе, менің кабинетіме түннің жарымында топырлап барып, тексеру жүргізбеседі. Аталған 400 бетперде мен басқа да құрал-жабдықтарды өздері алдын-алаапарып қойғандары анық» дейді.
Бұл ретте біз Меркіаудандық ауруханасы бас дәрігердің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбаевтың дапікірін білген едік. Ол Толқынайдың кабинетіне Меркі ауылдық округінің маманы,СЭС қызметкері, аудандық аурухананың бөлім меңгерушілері, мейірбикелер бартексеру тобы кеше сағат 22:00 шамасында тексеру жүргізуге барғанын растады.Бірақ, құрамында учаскелік инспектордың болмауына байланысты тексерутоқтатылып, бүгін Ордабаеваның кабинетіне қайта тексеру жүргізіліпті.Тексерушілер Толқынайдың кабинетін тінту кезінде нақты не тапқандарын Нүсіпбаевбілмейтінін, ол бойынша дәл қазір қандай да бір мәлімет бере алмайтынын,ақылдасуы қажет екенін айтты. Сол бойы бас дәрігердің міндетін атқарушыменбайланыса алмадық.
Осылайша,басшыларының немкетті әрекетінен қауіпті індет жұқтырдым деген ТолқынайОрдабаеваның тән жарасына жан жарасы қосылғандай. Дегенмен, ол Денсаулық сақтауминистрлігі мен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы осындай қитұрқыәрекет етіп отырса да, өзін қолдаушы ақ халатты әріптестері мен қарапайымхалықтың қарасы көп екенін көңіліне медет тұтатынын айтты.
Біз бұған дейін «Жас Алашта» жамбылдық дәрігердің басшылығынан көрген қысымы жайында жазған болатынбыз. Онда Толғанай Ордабаева өзіне басшылығы "індеттен қорғайтын бір реттік киімдерді үнемде" деп бермегенін және де басқа келеңсіздіктер туралы айтты.
Нұрболат ӘЛДИБЕК,
Жамбыл облысы