Өңір

Інісі таратса, ағасы жинапты

Министр Нұрымбетовтің ағасы «9 миллион теңге пара алды» деген күдікпентұтқындалды«Жас алаштың» №26 санында жарияланған«Қос министрдің туыстары білгенін істеп жүр ме?

Інісі таратса, ағасы жинапты

» деген мақалада еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов еліміздегі төтеншежағдайға байланысты табысынан айырылғандарға берілуі тиіс 42 500 теңгеніңуақтылы қолдарына тимей жатқаны үшін халықтан кешірім сұрағанын, Б.Нұрымбетовтің«сіздерден министр ретінде кешірім сұраймын, біз үлгермедік» деп қобалжып,көңілсіз күйде баспасөз мәслихатын өткізгенін жазған едік.

   «Бұл ретте Біржан Бидайбекұлыныңкөңіл-күйінің болмауы елдегі жағдайға емес, Жамбылдағы ағасы ТимуржанНұрымбетовқа қатысты болуы бек мүмкін» деп топшылап, «Жамбылда еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрінің туған ағасы, Жамбыл облысы әкімдігініңжұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысыТимуржан Бидайбекұлы Нұрымбетовті Тараз қаласындағы жұмыс орнынан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріұстап әкетті» деген ақпаратты жарияладық. «Бақсақ бақа екен»демекші, қазір Тимуржан Нұрымбетовқа қатысты төмендегі жайттар белгілі болыпжатыр.

    Айталық, министр Б.Нұрымбетов баспасөзмәслихатын берерден шамалы уақыт бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресагенттігінің қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіружәне әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетовті  «9 миллион теңге пара алды» деген күдікпентұтқындапты. Белгілі болғандай, Тимуржан Нұрымбетовтің суыт жүрісіне сыбайласжемқорлықпен күресушілер өткен жылдың аяғында-ақ назар аударған екен. Басқармабасшысын қырағы бақылауға алған күштік құрылымның жедел өкілетті уәкілдері оныңтелефонын тыңдап, түрлі адамдармен кездесуін есепке алған. Бұл ретте сыбайласжемқорлықпен күрес қызметінің қызметкерлері Тимуржан Нұрымбетовтің мүмкіндігішектеулі жандардың «Asyl-Tirek» қоғамдық бірлестігіне ерекше көңілі ауғанынансезіктенсе керек. Олай дейтініміз, мемлекеттік сатып алулар сайтында орналасқанмәліметте ағымдағы жылдың басынан бері осы қоғамдық бірлестік Т.Нұрымбетовжетекшілік еткен басқармадан 86 миллионнан астам теңгеге тапсырыс алған.Мұндағы тендер жөніндегі келіссөздердің барлығы ешқандай ашық конкурссыз, яғнибір көзден сатып алу әдісі бойынша өткен.

     Өз кезегінде қоғамдық бірлестік жетекшісіҒалымжан Сарымсақов басқарма басшысы көрсеткен «қызметке» алғысын тапсырысқатүскен ақшаның белгілі бір бөлігін қайтарып беру арқылы білдірмек болғанғаұқсайды. Сөйтіп, 11 сәуір күні мемлекеттік тапсырыстың уәде етілген бөлігі «өзиесін» табуы керек болған-ды. Алайда ол ақша Т.Нұрымбетовтің қолына берілмеген.Мұндағы «жеткізіп беруші» қызметін облыс әкімі аппаратының мемлекеттікқұпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұрзипа Романова атқармақшы болған екен.Осылайша 9 миллион теңгені алу барысында Н.Романова мен Т.Нұрымбетов қолғатүсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

    Қазіргі таңда бұл жұпқа қатысты Қылмыстық кодекстің366-бабы 3-бөлігінің 2-ші және 4-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарыжүзеге асырылуда. Яғни шенеуніктерге «ұйымдасқан топпен алдын ала сөз байласуарқылы бірнеше рет пара алу» деген айып тағылып отыр деген ақпар бар. 

    Әрине, еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрі Біржан Нұрымбетов өз ағасының заңға қарсы әрекеті үшін жауапқатартылып, отставкаға кете қоюы екіталай. Өйткені Т.Нұрымбетов министрдің тікелейқол астында қызмет жасамайды. Бірақ жағдайдың ерекше екенін де ұмытқалдырмауымыз керек. Інісі қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту үшін атсалысып,карантин мен коронавирусқа байланысты жұмыссыз қалғандарға жәрдемақытағайындаудың қамымен жүргенде, оның туған ағасы еш  қымсынбастан мүгедектер қоғамдық бірлестігіжетекшісінен пара алып келген. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұл құрықтауоперациясының салқыны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі БіржанНұрымбетовке де тиюі әбден мүмкін.

     Біз бұл оқиғаға нақты баға бермей,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ресми ақпарын күтеміз.

Нұрболат ӘЛДИБЕК

Жамбыл облысы

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз