Қоғам

Интернет-казино жұмысын ұйымдастырған 6 639 ресурс бұғатталды

Заңсыз лотерея қызметі мен интернет-казино жұмысын ұйымдастырған 6 639 ресурс бұғатталды.

п

Ведомства ақпаратынша, биыл жыл басынан бері заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға қатысты 103 әкімшілік хаттама толтырылған. 

Сот талқылауы нәтижесінде 48 жеке тұлға жауапқа тартылып, қалған істерді қарау жалғасып жатыр. Заңсыз интернет-казинолармен және букмекерлік кеңселермен күрес аясында түрлі ведомстволар Бас прокуратурамен, Қаржы мониторингі агенттігімен және Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, заңсыз қызмет белгілері бар 11 417 интернет-ресурсты анықтады. Оның ішінде 6 639 ресурс бұғатталды, делінген хабарламада.

1 237-сі өңдеу сатысында, 1 961-і қолжетімсіз, 1 353 ресурста құқық бұзушылық белгілері жоқ, ал 227-сін Мемлекеттік техникалық қызмет пилоттық режимде бұғаттаған.

 

Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз