Иран АҚШ-тың төртінші MQM-170 дронын қолға түсіргенін мәлімдеді
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) әскери-теңіз күштері АҚШ-қа тиесілі MQM-170 ұшқышсыз ұшу аппаратын қолға түсіргенін мәлімдеді.
Ирандық БАҚ-тың хабарлауынша, дрон Кешм аралының оңтүстігінде радиоэлектрондық күрес құралдарының көмегімен ұсталған.
КСИР мәліметінше, бұл – Иран әскери күштері басып алған төртінші MQM-170 үлгісіндегі ұшқышсыз аппарат.
Иран тарапының мәлімдеуінше, дрон елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиоэлектрондық күрес нысандарын барлап жүрген. Әскери қызметкерлер ұшқышсыз аппараттың басқару жүйесін өз бақылауына алып, оны зақымдамай жерге қондырған.
Алайда бұл ақпарат әзірге Иран тарапының мәлімдемесіне негізделген. АҚШ тарапы оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді.