Саясат

Иран ТМД елдерімен ынтымақтастықтың жаңа форматын құруды ұсынды

Иран президенті Масуд Пезешкиан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерімен өзара іс-қимылдың жаңа "ТМД+1" форматын құруды ұсынды.

2

Иран президенті бұл бастаманы Түрікменстанда өткен ТМД саммитінде көтерді. Иран аталған жиынға алғаш рет арнайы қонақ ретінде шақырылған.

Пезешкианның айтуынша, "ТМД-ға мүше мемлекеттер + Иран" форматы диалог жүргізу мен практикалық ынтымақтастықты дамытудың икемді әрі тиімді тетігіне айналуы тиіс.

Тегеран ТМД елдерімен сауда, энергетика, көлік және басқа да салалардағы байланыстарды кеңейтуге мүдделі.

Иран президенті өңірлік дипломатия тек кездесулер өткізумен шектелмей, қақтығыстардың ушығуына жол бермеуге және экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал етуі қажет екенін атап өтті.

Ал Кремль ТМД елдері Иранның "ТМД+" форматына қатысуын құптайтынын мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз