Өңір

Іске рәйелдер ерлерден озып тұр

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктідамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» ел ішінде кәсіпкерлікпен айналысуға бейілтанытушыларға жол ашты.

Іске рәйелдер ерлерден озып тұр

Бұл бағыт бойынша іріктелгенүміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы аясында іскерлік тәсілінің қыр-сырын оқыпүйренеді. Сонымен қатар, бизнес жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік алады. Мамандардыңайтуынша, жоба ауыл мен қаладағы  жұмыссыздық мәселесін шешуге септігін тигізіпотыр. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жанданған «Бастаубизнес» жобасы аймақтағы берекелі бағдарламаның бірі. Жоба басталғаннан  бері  3252 адам кәсібін ашуға мүмкіндік алды. Былтырөңір бойынша 3700 үміткерден өтініш түскен. Іріктеуден өткен  1141 тұрғын бизнес–тренингтерден дәріс алған. Олархалықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар және кәсіпкерлікәлеуеті  бар тұлғалар мен ауылдық жердетұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған жандар. Курсты тәмамдаған  783 азамат «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорының» ақшалай грантына иеболған. Бұдан бөлек, 3 үміткер «Еңбек» бағдарламасы арқылы 28 млн теңге несиеалды.

Былтыр  «Бизнес Бастау» жобасы бойынша  біліктілігін көтергендер түрлі қаржыинституттардан жалпы сомасы  392,4 млнтеңгеге жуық несие иеленді. Кәсіпкерлік бағыттары мал шаруашылығы мен халыққақызмет көрсету саласына қатысты. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасыныңқаржылық емес  қолдау бөлімінің басшысы  Меруерт Қасымованың айтуынша, өткен жылдыңбасында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыланған кәсіпкерлерқыркүйек айына дейін қаражаттарын толық игерген.

–Бұрындарыжобаға қатысқандардың кейбіреуінде кепілдігі немесе кепілгері болмағанжағдайлар туындайтын. Кейінгі кезде мұндай кедергілер кездеспеді. Ескерерлікжәйт,  аталған  жобаға елдің сенім артып келеді. Курсқақатысушылардың арасынан жоғарғы оқу орынында оқитын студенттен, зейнеткерлікжасқа жақындаған адамдарды кездестіруге болады, – дейді бөлім басшысы.

«БастауБизнес» жобасын бітірушілерге сертификат тапсырылады. Сонымен қатар, қаржылайемес қолдау операторы жобаға қатысушының несие немесе шағын несие алуы жөніндеөтінішін қарау туралы қолдау хат береді. Жобаның  жемісін көріп, бүгінде кәсібін ілгерлетіпотырған іскер жандарды  ауылдан көптепкездестіруге болады. Мысалы Осокаров ауданының тұрғыны Яхия Мұхамедқашқари«Бастау Бизнес» жобасының алғашқы тыңдаушысы. Курстан алған білімін айғақтап,  бизнес-жобасын сәтті қорғап шықты. Ол «Ауылшаруашылығынқаржылай қолдау қорынан» бөлінген  4 млн  теңгеге жеке кәсібін ашқан. Шаруашылықтыңерекшелігі, ірі қара өсіруге бағытталған. Өзгелер секілді алысқа ат арылтпай, өзауылындағы  «Мадияр» шаруа қожалығыныңЕуропадан әкелген  сүтті бағыттағы 13 бассиырын сатып алды.

–Зеңгі бабатұқымынан күніне 200-250 литр сүт алып отырмыз. Табиғи таза өнімдерімізді ауылтұрғындары сатып алады. Теміртау қаласынан келетін тұтынушыларымыз да бар. Литрін90 теңгеден сатып отырмыз. Бағаны жыл басынан бері  тұрақты ұстап келеміз. Дегенмен, ірі қара малының азығы жылдан-жылға қымбаттап жатыр.Сондықтан, келешекте сиырларды бордақылап сатып, жылқы шаруашылығыменайналысуды ұйғарып отырмын, – дейді «Яхия» жанұялық жеке шаруашылықтың  қожайыны.

Құрылғанына3 жылға жуықтаған шаруашылық тұрақты  салық  төлеушілердің  қатарында. Ауыл кәсіпкері жылына мемлекетқазынасына 1 млн теңге қаржы құйып отыр.

Бүтін бірәулеттің несібесін жеке кәсібінен айырып отырған Армангүл Өтегенова Молодежныйауданында тұратын  ең жас кәсіпкер. Жекеісін 22 жасында ашқан. «Бастау Бизнес» жобасының шапағатын көріп, «Ауылшаруашылығынқолдау қоры» арқылы 7 млн теңге несие  иемденген. Үйінің ауласына  ғимарат тұрғызып, бизнеске қажеттіқұрал-жабдық сатып алады. Осылайша, ауылдағы шаруаға икемді 4 келіншекті жанына тартып, арнайы құрал-жабдықтарменжасақталған   кондитерлік цехтың жұмысын бастап кетеді. Алтыайдың ішінде шығарған өнімінің өтімі күрт төмендеп, құлдыраудан аман қалады. Армангүлтұтынушылардың сұранысын дереу саралап, бизнес бағытын өзгертеді. Айналдырған  жарты айдың ішінде шағын цехты наубайханаайналдырады. Қазір тапқыр келіншек  нан-тоқашөнімінің 10 түрін шығарып отыр. Мұндағы өнімдер аудан орталығындағы және көршіауылдың дүкендеріне жіберіледі. Кәсіпкер қарамағындағы жұмысшылардың жалақысынуақытында төлейді. Ауылдағы қайырымдылық шараларға да қатысуды парыз санайды. Дегенмен,25 жастағы кәсіпкер әуелгі мақсатын іске асыруды көздейді.

–Арманымның  жақынарада орындалуы екіталай. Себебі, кондиттер-технологмамандағы бойынша білім алған жастардың ауылға келгісі жоқ, –дейді Армангүл.

Биыл да  аймақтың барлық аудандары мен шағын қалаларда«Atameken  Academy» платформасына сайоқыту курсы  қолға алынады. Қазіргі таңда3 мың адамнан өтінім келіп түскен. Аймақтық кәсіпкерлер палатасы комиссиясыныңшешімімен, 1800 үміткер іріктеуден өтті. Тыңдаушыларға 10 маусымнан бастап кәсіпкерлікжүргізу негіздеріне арналған тегін курс өткізіледі. Бұл жолғы дәріс әлемдікпандемияға байланысты онлайн режимінде өтеді.

МеруеретҚасымова, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қаржылық емес  қолдау бөлімінің басшысы:

–Оқытубағдарламасы 12 модульден тұрады. Сабақ барысында аралық тестілеу өткіземіз. Егер тыңдаушы екі мәрте тестілеуде  шектік бал жинамаса, онда оқудан шығарылады. Мұндағымақсатымыз – нарыққа сапалы дайындалған кәсіпкерлерді шығару. Біз тыңдаушыларғасату, өндіріс технологияларын меңгеру секілді дағдыларына қатысты ілімді басымырақ беруді күшейту қажеттігінтүсініп отырмыз. Оқытушы-тренингтеріміз алдағы дәрістерде мал бордақылаутехнологиясының қырын меңгеруді, сонымен қатар, өнімді өңдеу мен өндіру тетігінжаңаша шешудің тетігін  үйретіп оқытады. Бұлөз кезегінде ауылшаруашылығы саласы бойынша кәсіп ашуға ниет білдірушілердің шикізатты  табыс  көзіне айналдыруға септігін тигізбек.

Бір ескерерлігі, кеншілерөңірінде бизнес ашуға бейілді қыз-келіншектер қатары артып келеді. Аймақтағы 34мыңнан аса орта және шағын кәсіпкерлік нысандарын әйелдер басқарып отыр. Облыстықкәсіпкерлер палатасына келіп түскен бизнес-жобалардың  40 пайызының авторы – нәзік жандар.  Соған қарағанда, жауапты қадамға ерлерден гөріқыз-келіншектер батыл бәс тігетінін аңғаруға болады. Бәлкім, олардың арасынанкүні ертең жылына миллиардтаған табыс табатын америкалық  бикештер секілді  табанды әйелдер шықпасына кім кепіл?!

АйтбалаСүлейменқызы,

Қарағандыоблысы.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз