Live

Израиль БАӘ-де «Темір күмбез» жүйесі мен өз әскерилерін орналастырды – БАҚ

Бұл шешімді БАӘ президенті Мұхаммед бин Зайд Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлескен Беньямин Нетаньяхуның жеке өзі қабылдаған. Айта кетерлігі, Біріккен Араб Әмірліктері Израиль «Темір күмбез» батареясын жіберген алғашқы шет мемлекет болды.

Иран-Израиль

Axios басылымының хабарлауынша, Израиль Біріккен Араб Әмірліктеріне өзінің «Темір күмбез» (Iron Dome) әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін және оны басқару үшін әскери мамандарын жіберген.

Басылым дереккөздерінің бірі бұл қадамның Иранмен арадағы соғыс басталғаннан кейін көп ұзамай жасалғанын айтады. Бұл ретте БАӘ Израильдің осынау бірегей қорғаныс технологиясын қабылдаған тұңғыш шетелдік серіктесіне айналды.

«Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз. Бұл біздің шынайы досымыздың кім екенін көрсеткен нағыз тарихи сәт болды», - деп келтіреді басылым әмірлік шенеунігінің сөзін.

БАӘ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, АҚШ пен Израиль Иранға соққы бере бастағаннан бері, Тегеран әмірліктерге қарай 550-ге жуық баллистикалық және қанатты зымыран, сондай-ақ 2200-ден астам дрон ұшырған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз