Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:40, 06 Қараша 2024

Израиль қорғаныс министрі Галант отставкаға кеткесін көшеде наразылықтар өтті

1
Фото: Дэнни Сейд

Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант сәрсенбі күні кешке, қарашаның 6-сы күні түнде отставкаға кетті. 

 Иерусалим мен Тель-Авивте мыңдаған адам премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың әрекеттеріне қарсы шығып, Газа секторында Хамас ұйымының кепілінде болған израильдіктердің қайтарылуын талап етті.

The Times of Israel басылымының хабарлауынша, Тель-Авивтегі Аялон тас жолының оңтүстік жағындағы наразылық білдірушілерді тарату үшін полиция жағымсыз исі бар су пайдалануға мәжбүр болған.

Оппозиция жетекшілерінің бірі Яир Лапид Израиль азаматтарын көшеге шығуға шақырды. Соғыстың қызған шағында Галанттың отставкаға кетуін ол «жындының әрекеті» деп атады.

Сонымен бірге Йоав Галанттың өзі Израиль үкіметін Газа секторында Хамас ұйымы кепілге алған адамдарды тірідей үйлеріне қайтаруға шақырды.

«Хамас ұрлап кеткен ұл-қыздарымызды қайтару біздің моральдық және моральдық борышымыз», - деді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 5 қарашада елдің қорғаныс министрі Йоав Галанттың отставкаға кететінін жариялады, бұл кейінгі айлардағы Галант екеуі арасындағы сенімнің әлсірегенін көрсетті.

Йоав Галант Израильдің қорғаныс министрі қызметін 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келеді. Оның орнына бұрын Израиль Сыртқы істер министрлігін басқарған Исраэль Катц тағайындалды. Сыртқы істер министрлігіне Гидеон Саар келді.

2023 жылы Нетаньяху үкіметтің сот реформасын қатты сынағаны үшін Галантты қызметінен босатты. Израильде жаппай наразылықтар басталды, ал Галант екі аптадан кейін қайта тағайындалды. 

Тегтер: