Әлеумет

Кадр мәселесі көші-қонға қатысты ма?

Шығыс Қазақстан облысында шет елге көшіп кетушілерге қарағанда керісінше, өзге мемлекеттен қоныс аударып келушілердің саны бес есеге көбейген.

Кадр мәселесі көші-қонға қатысты ма?
Мәселен, биылғы 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бері 2 400 азамат Қазақстан Республикасының азаматтығын алған. Ал 581 адам еліміздің азаматтығынан бас тартып, бөтен елге кеткен. Азаматтық алмаса да осы өңірді мекен етіп жатқан 26 468 шетелдік бар. Олардың 16 000-ы көршілес Ресей Федерациясының азаматтары.Шығыстағы шекара асып келгендердің арасында еліміздің Заңын елемейтіндер де бар. Өткен 10 айда әкімшілік құқық бұзған 3 900 адам ұсталған. Сот шешімімен 356 азамат ел аумағынан шығарылды. Ал заңды құжат алған 4 400-ден астам шетелдік жұмыс істеп жүр.Ал, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена СТАРЕНКОВА: Жыл басынан бері бірінші қарашаға дейін 388 этникалық қазақ яғни, 216 жанұя көшіп келді. Атап айтсақ, Ресей, Қытай менен Моңголия, Өзбекстан мен Ауғанстан елдерінен. Олардың 284-і жұмыс істеуге қауқарлы. Қалғаны балалар мен зейнет жасындағы қариялар. Оларға мемлекет тарапынан отбасындағы жанның әрқайсысына 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсету қарастырылған – дейді. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысына көшіп келушілер анау айтқандай көп болмаса да, қоныс аударушылар тоқырап тоқтап қалған жоқ. Жұмысқа орналасып, еңбек етуде. Десек те, еліміздің Шығысында осыған қатысты күрмеуі шешілмей тұрған тағы бір мәселе бар. Ол маман тапшылығы. Әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлер жетіспейді. Дәл қазір акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог сынды 58 ақхалаттының орны бос тұр. Жоғары да айтылған азаматтар осы жоқшылықтың орнын толтыра алмай отыр.Сондықтан, аталған мәселені бір жақты ету үшін, ел ішіндегі өзге аймақтардағы жұмыссыз жандарды шақырып әкелуге арналған бағдарлама бұған дейін жасалған еді. Соның негізінде Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан 188 жанұя көшіріліп әкелінген. Арнайы шақыртумен келгендер облыстың аудан мен қалаларындағы бос жұмыс орны бар өңірлерге орналастырылды.– 2018 жылы республикалық бюджеттен  162 100,0 мың теңге аталған отбасыларды көшіріп әкелгенге субцидия ретінде бөлінді. Ал олардың тұратын үйлерін жалдауға  140 541 мың теңге де беріліп отыр – дейді, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена СТАРЕНКОВА. Бұл ел қазынасынан төленіп жатқан қыруар қаражат Шығыс Қазақстандағы кадр мәселесін түбегейлі шешуге қаншалықты ықпал ететіні белгісіз. Өйткені, аталған бағдарлама бұған дейінгі жылдары да жүзеге асырылып келген болатын. Бірақ маман тапшылығы өкінішке орай әлі қатты сезіліп отыр. Тіпті биыл аймақ басшысы Даниал Ахметов қалалар мен аудандарға баруға келіскен жас мамандарды тауып, оларды үймен қамту мәселесін күн тәртібіне қойған. Осылайша, қазан айының 17-сі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен аудан-қала әкімдеріне бірінші қаңтарға дейін толық шешуді тапсырған еді.Фото: voxpopuli.kz
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз