«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен суретін жариялады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бірге түскен фотосуретін жариялады.
Жазбада Түркия басшысына қатысты жылы лебіз білдірілген.
«Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциядағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен», - делінген жазбада.
Еске салайық, 13 мамыр күні Режеп Тайип Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келген болатын. Бауырлас ел басшысын Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан күтіп алған. Бұған дейін хабарланғандай, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді.