Әлеумет

Камалжан Надыров Алматы қалалық денсаулық басқармасының басшысы болды

ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінің бұрынғы вице-министрі Надыров Камалжан Талғатұлы Алматы қалалықҚоғамдық денсаулық басқармасының бастығы болып тағайындалды.

Камалжан Надыров Алматы қалалық денсаулық басқармасының басшысы болды

Камалжан Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2006жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақмедицина университетін, 2009 жылы «Экономист» мамандығы бойынша«Тұран» университетін, 2014 жылы "Қоғамдық денсаулықсақтау" мамандығы бойынша Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебін, 2020жылы «Бизнес әкімшілендіру» (Executive MBA) мамандығы бойыншаExecutive MBA «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да бітірді.

Өзінің еңбек жолын Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урологияғылыми орталығында – клиника ординаторы болып бастады, одан кейінұйымдастыру-әдістемелік бөлімді басқарды, Бас директордыңәкімшілік-экономикалық қызмет жөніндегі орынбасары болды.

2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында ҚР Денсаулық сақтауминистрлігінде – Стратегиялық даму және Медициналық қызметтерді стандарттаудепартаменттерде басшылық лауазымдарында қызмет атқарды «Міндеттіәлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегітоп жұмыс тобының мүшесі болды.

2016 жылдан бастап 2017 жыл аралығында «НазарбаевУниверситеті» ДБҰ-ның Республикалық диагностикалық орталығын басқарды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Астана қаласының Денсаулық сақтаубасқармасының басшысы болып тағайындалды.

2019 жылғы 27 наурыздан бастап Қазақстан РеспубликасыныңДенсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз