Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:50, 03 Сәуір 2024

Камиша Есмұхамбетқызы, заңгер: Бишімбаев әрекетін ақтап алайын десе дәлелі жоқ

Камиша Есмұхамбетқызы
Фото: azattyq-ruhy.kz

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр.

 

Бүгінгі сотта Бишімбаев сол күні болған оқиғалардың өз нұсқасын айтты. Ол тағы да қасақана кісі өлтіру кінәсін мойындамады. Одан бөлек айыптаушы тарап Гастроцентрдегі бақылау камераларындағы бейнелерге қарап, экс-минстрдің әйелін қалай ұрғанын баяндап берді.

Экс-министрдің айтуынша, ерлі-зайыптылар Дима Биланның концертіне барып жанжалдасып қалған. Кейін жанжал BAU мейрамханасында жалғасқан. Бишімбаев адвокаттардан сотқа және қазылар алқасына мейрамхананың сызбасын және «түсінікті болу үшін» тергеу фотосуреттерін көрсетуді сұраған. Алайда судья тек сызбаларды көрсетуге рұхсат берген. Себебі Бишімбаевтың қорғаушылары С. Нүкенованың қайтыс болған күні емес, кейін түсірілген фотосуреттерін көрсетуге тырысқан. 

Экс-министр әйелінің дәретханада өзі құлап алдымен басын қабырғаға, содан кейін унитазға қатты соғып алғанын айтады. Кейін оны VIP бөлмеге алып келген. Келген кезінде бәріс дұрыс болыпты. Салтанант Нүкенова ұйықтап қалған. Бишімбаев әйелінің қаза тапқанын кешке ғана біліпті. Содан кейін жедел жәрдем шақырған. Бишімбаев осылайша өзін ақтауға, өлімнің аяқ астынан жазатайым оқиға сияқты етіп көрсетуге тырысты. Бірақ прокурор бақылау камераларындағы бейнелер арқылы оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын көрсетті.

Камерада Бишімбаевтың әйелін басынан бірнеше рет ұрғанын, құлаған С. Нүкенованы бірнеше рет тепкілегені, кейін шашынан сүйреп VIP бөлмеге қайта алып кіріп кеткені көрінеді.

Қазіргі күнде көпшілік Бишімбаев жазадан құтылып кете ме немесе жеңіл жаза ала ма деп алаңдап отыр. Кейбір заңгерлер алқабилер экс-министрдің жазасын жеңілдетуі мүмкін екенін де мәлімдеді. Ал белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы бұлай деп есептемейді. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев тиісті жазасын алады.

“Бишімбаевты ақтап алайын десе ақтайтын себеп жоқ. Куәгерлердің сөзін негізге алатын болсақ оқиға Бишімбаев айтқандай емес, басқаша болған. Халық менен сот немен аяқталады деп сұрап жатыр. Егер сот әділ өтсе Бишімбаев жазасын алады. Еліміз конституциясында 17 бабында “ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды” деп жазылған. Бишімбаев “қасақана адам өлтірген жоқпын” дейді. Бірақ әрекетін ақтап алайын десе дәлел таба алмай отыр. Халық әкесінің жоғары қызметтерде жұмыс істегенін біліп ақталып кете деп алаңдап отыр. Меніңше, оның жазадан құтылып кетуі мүмкін емес. Бұл жерде адам қаза тауып отыр. Егер айғақтар жеткілікті болса кінәлі жазасын алады. Соттың аяғын күтейік”, - дейді заңгер.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Тегтер: