Камшат Төленді. Тоғызыншы қабат
Мен айтар әңгіме алғашындасізге қызық болмасы анық. Себебі мен жанды зат емеспін, сөйлер тілім жоқ.
Мен жай ғана қаланың кешкі көрінісін тамашалауға арналған, мазаны алған керексіз уайымдарыңмен шынайы сезімдеріңді оңашада шығаратын тоғызыншы қабаттың шатырымын. Мен жай ғана шатыр емес адамқиялының ең ұшқыр бояуларымен қанып,тіпті оны жандандырып жіберуге немесеқұрдымға жіберуге де дайынмын. Себебі мен тікелей адам ойларынан энергия аламын. Солай өзімді қанағаттандырамын. Адамдарға тән барлық сезімдер мен эмоцияларды мен де сезінеаламын. Маған тек қана олардың осы шеңберде болғаны ғана жеткілікті. Маған олардың әлеуметтік жағдайы, білімі менжас ерекшелігі жынысы әрі мінез-құлқы еш маңызды емес. Маған бәрі де бірдей, тек ойы ғана маңызды.Егер сізге менің айтпағым қызықсыз болса, әрі қарайтыңдамасаңыз да болады. Себебі сіз мененалыстасыз, яғни менің шеңберімде емессіз. Сондықтан мен әрі қарай жалғастырабермекпін.
Тоқтай тұр, адам аяғының дыбысы естіледі. Осында көтеріліп келе жатыр. Туфлидің дыбысы таныс. Бұл – Берік Теленов.Таныстығымызға біраз жыл болып қалды. Темекісін тұтатты. Соңғы уақыттажиі шылым тартатын болыпты. Таң атпай келгеніне қарағанда, көкейінде бір емес, біраз кермек ойы бар сияқты. Олажырасқан. Жалғыз ұлы бар. Мен көп сөйлеп кеттім. Кейінгі кезде мен де сыр беребастадым-ау. Бұрын бұндай емес едім. Беріктің санасын мазалаған нендей ой екен, түрі де бір қажып кеткен. Не болды екен? Менің шеңберіме келген екен, ақыры ойын білейін.
Таңғы сағат жетілер шамасы. Таң рауаныбілінер-білінбес сәулесімен алып қаланы себезгілеуде. Жұмысына жиналуға оқталыпжатқан Берікті бір ой мазалауда. Бәрі де қу дүниенің ермегі. Оның қызметібүгінгі күнмен аяқталуы да мүмкін. Ол жұмысынан, өмірінің осы сәтіне дейінжинаған бар абыройынан да, өз ұлы Жандостың сенімінен де айырылудың аз-ақ алдында қалып тұр. Ол тереңкүрсінді де, жоғарыға шықты. Үйдің ең жоғары бөлігі ол шатыр. Шатырдан таңатқан сәтті соңғы рет көруге бел буды.
Беріктің ойы
Есімімді ұмытып қалардай соншаішкенім не? Уффф! Жағдай қиын. Менкінәлі боламын. Бәріне де мені кінәлі деп танып, елге бетімді қаралайтын болды. Ақымақ басым-ай, неге ғанамен? Білем, жіберген қателіктерім деболды. Енді бәрінен де қиыны, жалғыз ұлым Жандос. Оның хәлі не болмақ? Не әрекет етсем болады, барлығын да орнына қою үшін? Ойлан, ойлан, Берік! Осындай болмас үшін басында ойлану керек еді. Енді бәрі декеш. Не бетіңмен қарамақшысың, сені ешкім де құтқара алмайды, тек бірақ жолбар. Ол осы жерде. Тек келесі әрі соңғы қадам өзіңнен, шеш енді. Жоқ, не ойлап тұрмын мен, тууһ кеше вискиді аздап ішукерек еді. Дәрігер айтып еді ғой, алкогольөте зиян деп, асқындырып жіберсе, өзіңкінәлісің?! Тағы да өзім кінәлімін.Неткен тар еді мына жер, басым сыныпбарады. Таза ауа да менен қашқақтайма қалайөзі?
Таза ауа жұтайыншы, жел айдапкелмесе мына тар қалада, қандай таза ауа бірақ!
Осы кезде үйге Жандос келеді. Ол әкесінен өткенжолғы ісі үшін кешірім сұрауға келсе, әкесі үйдің ішінде жоқ. Үй есігі ашық.Әкесінің көлігі сыртта тұрған болатын. Жандостың ойында жоғарыда ашық тұрғанмансард есігі көзіне түсті. Дереу сонда барды. Қабырға шетінде тұрған әкесінкөріп:
– Әке, әке сіз неістегелі жатырсыз?
– Балам, сен мұнда негекелдің?
– Балам бұл жерден кет. Менсендерге қиянат жасадым, сендерге бақыт сыйлай алмадым, Жандос, –деді даусы дірілдей.
– Неге олай дейсіз әке,тым болмаса мені ойлаңыз. Әке мына жалғанда қу тірлік ешқашан адамға бақытсыйлаған емес, сіздің осы жалғанға өкпелеуіңіз бекер, тағдырға өкпе артып, өзжаныңызды жегідей жемеңіз. Сізде мен бармын әке, райыңыздан қайтыңыз, әке!
– Балам, сен өмірдітүсінбейсің, өмір сені тек ойыншық ретінде көреді. Өмір ойыншығына айналғанмына мені көр.
– Балам, кешір мені!
– Әке, қателесесіз. Сізөмірде ең мықты ойыншысыз. Менің әкемсіз.Әкесі жоқ, анасы жоқ қаншама балалар бар. Кеше біз Шынармен балалар үйінебардық. Ондағы жас бүлдіршіндер мен біз қатар оқушылар бар екен. Олардың барарманы – ата-анасымен болу. Әке, сол жетім балалардың бар арманы – қос қанатыболу. Әке, сіз менің алып қанатымсыз, сол қанатымнан айырмаңыз, әке!
Жандос әкесіне қолын созды. Берік оның сөзіненкейін, теңселіп барып құлады.
Тоғызыншы қабат
Өмір деген осылай. Сіз күтпеген оқиғалар кейдесізді бақытқа бөлесе, кейде бар қайғы-қасіретімен сізді шыр айналдырыпжіберері анық. Беріктің ойы мен үшін анау айтқандай қорқыныш сезімін ұялатқанжоқ. Ол өз ойынан адасқаны, тіпті қандай қадамға баратынын сезініп те жатқан жоқ. Мен оны өз-өзіне қол жұмсайды деп әсте, ойлағанжоқпын. Солай болса екен деп тетілемедім. Айттым ғой, маған текадамдардың ойы маңызды деп. Сондықтан менБеріктің ойынан еш энергия ала алмадым.Есесіне, Жандос келіп көңілім бірмарқайып қалды. Жастықтың, өмірге деген ерекше махаббаттың, таза шынайы сезімнің энегиясын алдым.
– Қандай, таза рухани күшдесеңізші. Таңертеңгілік тойымды ас сияқты. Рахмет, Жандос! Сен келсең рухани байып қалам.
***
Осыдан біраз уақыт бұрын. Мектеп. Сынып іші. 10 «б»сыныбы. Сынып жетекшісі Мақпал Райысова ішке кіріп келді. Сынып журналын қойып:
– Сәлеметсіңдер ме,оқушылар, отыра беріңдер! Сендерге бүгін жаңадан ауысып келген оқушынытаныстырмақпын.
Оқушылар жамырасып:
– О, супер, ұл ма, қызба, қыз болса әдемі шығар, – деп жамырасып кетті.
– Қәне, Шынар ішке кіреғой, Шынар өте тәрбиелі, тәртіпті, сабақты жақсы оқитын қыз. Шынармен тездостасып кетіңдер. Шынар терезе жақтағы соңғы партаға отыра ғой, әзірге сол жербос!
Шынар ақырын ғана жаңа сыныптастарына жымиып,соңғы партаға келіп жайғасады.
– Сонымен, біз қандай тақырыпқатоқтаған болатынбыз?
Осы кезде есік қағылады, есікті ашып Жандоскіреді.
– Кешіріңіз апай, кіругебола ма?
– Теленов кіріп алып,рұхсат сұрайтының не, тағы да ұйықтап қалдың ба, отыр.
Жандос өз орнының бос еместігін байқап:
– Апай мен түсінбедім, өзорнымды таппай қалдым.
– Тағы не болды, Жандос?Сенің орның бұл сыныпта кімге керек? Артта орын жетеді емес пе? Отыркез-келгеніне Жандос!
– Апай, сіз түсінбедіңізменің тұрақты орным осы жер, ал бұл жерде тек мен ғана отыруым керек!
– Сен қырсық бала, осықашан қоясың осындай қиқар мінезіңді.
– Шынар, сен ренжімесең,басқа орынға отыра қойшы, бұл біздің Мажорымыз, есімі оның – Жандос, мәнбермей-ақ қой! Жандос келесі жолы менің орныма отырарсың мүмкін.
Сынып ду күлді.Шынар жаймен ғана келесі орынғаотырды.
– Сонымен әлем әдебиетіШыңғыс Айтматов «Шынарым менің, шырайлым менің».
Жандос үйге кеш келеді. Әкесі көп күтіп қалғанболатын.
– Балам, қайда жүрсің? Кешкіасты бірге ішеміз деп едік қой.
– Мен кешкі асты анамменіштім. Ескертпегенім үшін кешіріңіз, әке!
– Жандос мен сеніңәкеңмін, бұл үйде тек менің ғана айтқаным болу керек. Ал анаң сенің ешқашанмаған көңілі толмаған. Сондықтан бұдан былай анаңа баруыңды доғар.
– Өтінем, тағы дабастамаңызшы. Анамның еш кінәсі жоқ.
– Жандос, тоқта мен әлісөзімді аяқтамадым.
– Қырсық.
Берік терең күрсіне шылымын тұтатты.Осыдан екіжыл бұрынғы оқиға есіне түсе кетті.Үй іші. Қонақ бөлмесі. Берік пен Анарайқайласуда.
– Неге олай дейсің,баламызды ойласайшы. Мен балам үшін жұмысымды да тастадым. Үйде отырып екеуіңнің қамыңды ойлаумен болдым. Сен негеолай еттің қайдағы бір сылқым үшін бе?
– Анар болды жетеражырасамыз.Қайда барсаң, онда бар.Бірақ Жандос менімен қалады.
– Бұлай, қате шешімжасама.Жандостың өміріне балта шабуға жол бермеймін.
Бөлмесінен шыққан Жандос:
– Әке, анам неге жылап жатыр, неге дауласып жатырсыздар?
– Балам, кешірші, дәлқазір бізге әкеңнен алшақ кету керек, түсінесің бе, құлыным!
– Сен не деп тұрсың әй,мен түсінікті етіп айтпап па едім. Былай тұр Жандос бар бөлмеңе, ал сен кет бұлжерден.
– Әкее...
Арадан қанша жыл өтсе де Жандос өз әкесіне қаттыызалы. Ол өзінің әкесіне дәл осы «әке» сөзін айтуға құлықсыз. Анасы мен әкесінқанша татуластыруға беттеседе онысынан еш мән шықпады.
Мектеп. Әдебиет пәні. Мақпал апай: – Сонымен үй тапсырмасына мен«Менің ең аяулы жандарым» аттытақырыпқа эссе немесе өз туындыларынды жасап келіңдер, –дедім. Қане, кім бірінші бастайды?
Оқушылар өз жұмыстарын біртіндеп мұғалімге айтабастайды.
Мақпал апай: – Керемет, маған Алмастың алып келген шағынфильмі ұнады. Маржанның шығарған өлеңі қандай тамаша.Ал енді біздің Жандос недайындап келіпті?
– Апай мен ештеңеорындаған жоқпын.
– Қызық, оның нендейсебебі бар екен, Жандос? Осы сен сабаққа немқұрайлы қарағаныңды қашан қоясың? Тіптісені түсіне алмай қойдым, айтшы сенқалай түсінуге болады. Қарапайым шығарма жаза алмайсың, тіпті өзіңе жақын жанжоқ па өмірде? Жандос, сен мені қорқытасың.
Әбден тоқтамастан сөйлеген Мақпал апайына Жандос сәл жымиып күлді.
Мақпал апай Жандостың қасына келіп:
– Неменеге мәзсің сен,сабаққа мүлдем қатыспайсың, Жандос!
Бір ақ параққа Мақпал апайының сабақ түсіндіріптұрған сәті салынған суретті көріп, мұғалім аң-таң болады.
– Жандос мынаны сенсалдың ба? Бұл мен ғой, сонда саған сурет салған ұнайдыма? Неткен ұқсастық, жоқмынау деген талант қой Жандос!
–Ал сіз болсаңызтоқтамастан ұрса бересіз, сөйлей бересіз, мен сізді үндеместен тыңдап, осылайсалуыма тура келді. Сізге ұнамады ма ?
– Әрине ұнады. Керемет,демек сен мені жақсы тыңдайды екенсің ғой. Жарайсың, Жандос!
– Көрдіңдерме балалар,арамыздан тағы да бір талант жарқ етіп шықты. Жандостан біз мұндай күтпегенедік.Өте жақсы, сонымен кім жалғастырады?
– Кешіріңіз апай, мен өзшығармамды оқысам бола ма?
– Әрине, Шынаржан оқи ғой.
Бәрінің ойы тек Шынардың оқыған шығармасында,өте әсерлі болды, кейбірі көздеріне жас алды.
– Өте әсерлі Шынар. Анаңқандай керемет жан еді.Осы шығарманы жазған сенде, бәрімізге жақсы ой салдың.Бүгінгі жұмыстарың маған қатты ұнады.Балалар барлықтарыңа өте жақсы дегенбағалар қоямын.
Мектеп. Сабақ аяқталып, оқушылар үйді-үйінетарасады. Жандосқа Шынардың шығармасы қатты әсер қалдырады. Мектептен шығартұста Жандос Шынардан жаңағы шығармасын сұрамаққа беттейді. Бірақ қалай сұрарынбілмей дал болады. Анадай жерде автобус күтіп тұрған Шынарға барып:
– Шынар, №5 автобусөтпеді ме? Автобусқа мінбесе де, алғашқы әңгіменің басын жалғап, Шынаралғашында таңданып:
– Жоқ, білмеймін, ондайавтобус осы жерден өтпейді ғой. Саған арғы көшедегі аялдамаға бару керек шығар.
– Ммм, солай шығар.Айтпақшы сенен жақсы жазушы шығатын сияқты.
– Рахмет, сенен де мықтысуретші шығатын шығар. Мақпал апайға керемет ұнадың ғой бүгін.
– Мақпал апай өте жақсыұстаз. Мен салуға қорықтым, ұрсатын шығар деп. Апайдың түсінігі мол. Шынар,мүмкін болса, жазған шығармаңды маған бересің бе?
– Аа, не үшін?
– Жай әншейін, бір кісігедәл сенікіндей жазып көрсетейін деген едім?
– Ол кісі анаң ба? Жарайды ал. Аналар үшін болады.
– Рахмет, Шынар. Үйіңеабайлап бар.
– Оқасы жоқ, бірақ сенавтобуспен бармайсың ба? №5 автобус осы жерден жүреді, мен жай айта салдым.
– Жоға, мен автобуспенешқашан жүрген емеспін. Жарайды сау бол, Шынар!
Шынардыңойында:
– Неткен жұмбақ жан еді.Мақпал апай айтқандай "қызық" өзі.
Тоғызыншы қабат
Кешкі уақыт. Жандос жоғарыға көтерілді. Кеудесін кернеген ауыр сезімдерінсыртқа шығару ол үшін әдеттегідей, ақ параққа қара қарындашпен сыр шертуге оқталды. Бар ойын ақпараққа қарындаштың үшкір өзегіндей анық етіп төккісі келді. Бірақ қауқарыкелмеді. Ол шеңберге таяу қалып еді. Ия, жақындады. Бұлтаптырмас мүмкіндік. Қане, Жандос бұл жолы не ойлады екен.
Жандостың ойы
Неге менің көңілім бір марқаймай-ақ қойды? Бозбалашағымда үнемі бұлданам да жүрем, тіпті, менімен ешкім де достасқысы келмейді. Бәлкім,әкем мен анамның ажырасуы мені қатты қинап жіберді ме? Әлде мен ешкімге декерек болмай қалдым ба? Жоқ, мен өзіме керекпін. Мені тек қана ақ парақ пенқара қарындаш қана құтқарады. Әрине, бұл менің хоббиім, біз біргеміз. Жақсы достасып та кеттік, тіпті Мақпал апай дақосылып қатарымыз көбейіп жатыр. Менің салған портреттерім Мақпал апайғаұнайды. Менің аяулы ұстазым, сізге дейін мен ешқашан бұндай тылсым күшті сезініп көрмеппін. Шабыт бердіңіз. Сіздің шынайы күлкіңізбен мейіріммен қараған көздеріңіз меніңқаламымды еріксіз тербетеді. Менің анам секілдісіз. Мақпал апай менің шығармашылықшабытым болғаныңыз үшін рахмет. Сізге осылайша айтқым келеді. Бірақ басқалармүлдем бөлек түсініп қалуы да мүмкін. Әсіресе, еріккен қыздар, сіз туралыартық өсектер айтып қойып жүрсе, мысалы Әйгерім. Одан бәрін декүтуге болады. Жоқ, мен не ойлап кеттім, менің ойым болашақта болуы керек. Керек емес ойлар неге мазалайды, осы. Менболашақта танымал суретші боламын. Мен арманыма жетемін. Бәлкім, осылайармандаған да дұрыс шығар. Шіркін, осы әкемді айтам, нені армандайды екен. Анамды сағындым. Оныңыстық тағамдарын. Анама қиын болмаса екен. Ол өте жақсы адам. Ертең ешкімге дебілдірмей анама барып келсем бе екен. Әкем білсе, тағы да ашуланатын шығар. Осыөмірде мені кім түсінеді? Бәріне де қолымды бір-ақ сілтеп, алысқа кеткімкеледі. Бірақ әкем мен анама қиын болады-ау.
Тоғызыншы қабат
Мен сені түсінемін, Жандос. Сен мынау әлемдеөзіңе қолдау беретін жан таппай сабылып жүрсің-ау. Сен әлі жассың ғой, соншаойланғаның не? Армандарың әлі-ақорындалады. Маған сен. Сен осында әрдайым келген сайын ақ парағыңмен сырласасың.Алмен сенің көзің мен санаңдағы ойларыңды оқимын. Тіпті кімді ойлайсың, кім сені қуанышқа бөлейді және кімдіойлап тұнжырайтыныңды да білемін. Саған көмектескім-ақ келеді, бірақ мен жансызбын. Бұл мүмкін емес,тіпті ұстап жүретін қалта телефоны да емеспін. Мен жай ғана кірпіш пен бетоннанқұйылған темір тіреуіштермен қоршалған, тоғызыншы қабаттағы шатырмын. Менде барболғаны осыдан бірер жыл бұрын көрші Нұрлан ағайдың көркемдік үшін отырғызған хош иісті гүлдері мен емен ағашынан ойыпжасалған отырғыш қана бар. Менің бар байлығым осылар ғана. Осыған да шүкір, әйтеуір ой шеңберімболмағанда, іш-құса болып өлерім анық. Сол себептен де мен сені жақсытүсінемін. Сенің сырлас досың болғым келеді. Сен әкеңе қатты ренжулісің,бірақ бұлай жалғаса берсе, саған даәкеңе де қиын болады. Меніңше әкеңді тыңдаған жөн. Себебі сенің әкең, күндізтүні самайынан суық тер шыққанша еңбекетуде. Мейлі ол тым өктем болса да, ол сенүшін сенің болашағың үшін күресуде. Рас, арасында артық кететіні де бар. Бәріде бұл өмірде қателеседі. Сенің әкең де өз өмір жолында аздап қателесті. Оның басты қателігісені ойламауында. Мейлі ол сенің анаңды тастап, басқа біреуді тапса да бұл оғанжарасады. Себебі ол бастық. Берік Теленов – білдей бір қаланың әкімі. Жақсы,бұл жерде таяқтың екі ұшы бар делік. Егер кезінде Анар Ыдырысқызы тым жұмысбасты болмағанда, бәлкім бәрі дебасқаша болар ма еді, кім білсін...
Менің көңілім босап кетті. Дәл осында АнарЫдырысқызы қатты жылап еді. Тіпті ол кезде ауа-райы да бұзылып тұрған болатын.Міне, содан бері сенің көңіл-күйің солауа-райындай, еш өзгеріссіз. Иә, білемін соңғы уақытта қалам мен парақты серік етіпсің. Байқаймын, сенде кішкенеболсын өзгерістің ұшқыны бар. Меніңше, сен өз сынып жетекшіңді жиі салатын болыпсың.Ол саған ерекше сезім сыйлайтыны көрініп тұр. Мақпал апай, қандай жан екенінбілмедім. Бірақ сен оны жиі суреттеуіңе қарағанда, тоқтай тұр, мен не ойлапкеттім, өзі? Не, сен Мақпал апайыңды ұнатасың ба? Қазір, тұра тұр, жел маған оның салған парағынұшырып әкелші!
Демек Мақпал апай, өзі ашаң жүзді, жас шамасыжиырма үштерде сияқты.Көздері ойлы, қарашығында бір мейірім бар ма, қалай өзі?Қап, менің ойлағаным қате болса екен. Жандос, сабағыңды оқы, қайдағы жоқ махаббат-сахабатпентеңселмей. Туу, ол мені естімейді ғой,жел қайдасың сен!
Әкімшілік аппараты. Мәжіліс залы. Облыстықмәслихат отырысында кезекті жоспарлы жұмыстарды талқылауда.
Берік Теленов: –Алдағы жылдың жоспарында бекітілген негізгі жобалардың іске асуына барыншамемлекеттен әлеуметтік-материялдық көмекбөлінеді. Сол себептен сол істі басты қадағалауды Марат Доспановқа жүктеймін.Өздеріңізге белгілі Марат Доспанов білікті маман ретінде ұсынған кандидатура,яғни менің жаңа орынбасарым. Сондықтан алғашқы ісіңізге сәттілік,- дей отырып,бүгінгі мәслихатты жабық деп жариялаймын.
Мәжіліс залынан соң, Марат Берікке алғыс айтудыжөн көрді.
Марат:
– Берік Сапарович, сіздіңсоңғы түйініңіз маған ұнады. Маған сенім артқаныңыз үшін үлкен рахмет. Алдағыуақытта ісіміз оңға бассын!
Берік:
– Марат, осы іске өзіңдіарнайы ұсындым. Сенің жақсы маман екеніңді кадрлар бөлімінен білдім. Солсебептен де бүгінгі алғашқы қадамың құтты болсын! Екеуінің ойын осы уақыттакадрлар бөлімінің меңгерушісі Майра бөледі.
Майра:
– Берік Сапарович, сіздіТЖМ басшысы қоңырауда күтіп тұр екен.
Берік:
– Аа, иә, о кісілерменбайланысқа шықпағалы біраз болды. Бұл жолы не болып қалды екен. Асығыстана кабинетіне кетеді.
Майра жай ғана күлімдеп, Маратқа қарап:
– Білуімше, кезекті біржағдайға, кезекті қаржылай бір көмек, сіздің ойыңызша да солай ма?
Марат:
– Әдетте төтеншежағдайлар қоғамда үрей туғызатын, қазіргі уақытта «ақша» дегенсиқырлы күштен кез- келген қорқыныш сейіле ме қалай өзі?
Майра:
– Сұраққа сұрақ қойдыңызғой сізде, менің есімім Майра Несіпқызы,алғашқы жұмыс күніңіз құтты болсын.
Марат:
– Рахмет, МайраНесіпқызы, сізге де сәттілік!
***
Мектеп. 10 «б»сынып. Үлкен үзіліс кезінде ШынарЖандостың қасына келіп:
– Жандос, Сәлем. Кешемаған хабарласыпсың, жай ма?
– Сәлем, Шынар. Сенен кеңес сұрайындеген едім. Мысалы мен анама хат жазғым келеді, бірақ қолымнан ештеңе шықпай қойды.
– Ааа, солай ма, оның ешқиындығы жоқ қой, тек өз ойыңа не келеді соны жазасың, бар болғаны сол.
– Жоқ, олай емес. Мен олай жазарболсам, тек «Мақпал апай бүгін маған ұрысты» деген сияқтылардыжазамын, басқаша сен сияқты әсерлілеу қылып.
– Түсіндім, иә, ол үшін сен көпкітап оқу керексің.
– Кітап дейсің бе?
Осы сәтте дәл олардың жанына Әйгерім келеді.
– Не туралы әңгімелесіпжатырсыңдар, Шынар?
– Жай, Жандос кітап туралы сұрапжатыр?
– Мәссаған, Жандос сен кітапоқиын деп жатырсың ба? Мынау деген жаңалық қой, әлде папаң айтты ма кітап оқыдеп.
– Жоқ, өзім шештім. Ал сен шеешқандай кітап оқымаған шығарсың, тек әліппеден басқа?
– Жандос, неге олай айтасың?Әйгерім жәй қалжыңдаған шығар?
– Хммм, сол әліппені қалайүйренгеніңді білесің бе? Ата-анаң әр жиналыста позор болып.
– Кетші бар, Әйгерімм!
– Әйгерім оның не, Жандостыңашуына тидің ғой.
– Тисе тиіпті де, өзінше қораштанадығой, байдың баласымын деп, сен онымен неге араласасың? Ол осындай тиіп қалсаңболды, өзінше кісі бола қалады.
– Әйгерім, ол саған ұнамайма, сен де араласпа, байқаймын Жандостасені ұнатпайды ау шамасы.
– Туу айтпаш, оның атын. Қазір алгебрасабағы ма, кешегі бақылаудан 2 алған шығар, көреміз қазір.
Сыныпқа сынып жетекші Мақпал апайы кіреді.
– Балалар, сендерді, менЖанат ағайларыңнан әдейілеп сұрап алдым. Бүгін Алгебра пәні болмайды. Есесінеменің сендерге тамаша бір тапсырмам бар.
Оқушыларқуанып:
– Апай пикникке барамыз ба, жоқ киноға барайықшы.
– Жоқ балалар, бұл жолы ешқандай пикник те, кинода, музей де жоқ. Біз "Қайырымдылық" акциясын ұйымдастырамыз. Біз топ-топқабөлініп, әрбір топқа тапсырма беремін. Сонымен бізде 17 оқушы, бес-бесеуден 3 топ,ал қалған екі оқушыға ерекше тапсырма беремін. Так, жеребе бойынша бөлінеміз.
– Аты аталмағандар Шынар, сосын Жандос. СоныменШынар мен Жандостың тобына қосылам деушілер барма? Жоқ болса онда сендер бір топ боласыңдар.Сонымен балалар мен сендерді неге бөліп жатырмын, біз алдағы аптада «Балауса»балалар үйіне барамыз. Сондықтан сендерді топ-топқа бөліп, сондағы балаларменойын-сауық кешін ұйымдастырамыз.
–Апай, мен түсінбедім, Шынар мен Жандос онда бармайды ма, олар не істейді сонда?
– Айгера, оларда барады. Айтып тұрмын ғой бәріміз бірге барамыз деп. Оларғамен басқа тапсырма беремін. Ал сендер 3 топ әрқайсыларыңа әр түрлі, әрі қызықтытапсырмалар. Сонымен Алмастың тобы сендер ән-би, квн дайындаңдар. Әсемнің тобытүрлі сыйлықтар, тәттілер. Мақсат сенің тобың шар, плакаттар мен түрліойыншықтар жинасын. Ал Шынар мен Жандос осы сәтті видео мен фотоға түсірсінжәне балалардан интервью аласыңдар. Шынар сұрақтарды менен алып кет. Иә,балалар, бұл теледидардан шығады, сондықтан жақсылап дайындалыңдар!
– Апай мен қатыспасам болмай ма?
– Жандос, осы жолы еркелігіңді көтермеймін. Қатысасыңдар барлығың, а тобір апта бойы Жанат ағайларыңа математикаға жаздырып қоямын. – Жандос ұқтың ба, Шынар екеуің маған жолығыңдар!
Мектеп іші. Оқушылар қызу дайындық үстінде. СыныпқаМақпал апайы келеді.
– Оқушылар бүгін бізде еңмаңызды күн болып тұр. Сол себепті барынша өзімізді жақсы қырынан көрсетебілейік. Бірлік бар жерде, әрдайым нәтижесі жақсы болады. Сонымен бәріміздайынбыз ғой!
– Әрине, апай, біз бәріміз біргеміз, берік қамал іргеміз!
– Жақсы, олайболса бәріміз дайын болсақ кеттік.
– Мақпал апай, сізге бір өтініш бар еді. Мен Шынарлардың командасына қосылсам боладыма? Мен оларға көмектесіп жүремін.
– Неге, өзіңніңкомандаңдағы жұмысты кім істейді? Әйгерім, егер екі жұмысты қатар алып жүремдесең, кәнеки, көмектесе ғой.
– Ой, апай уайымдамаңыз, мен барлығына көмектесем, апайқосыла берсем болады ғой, солай ма?!
– Мақпал апай, бізге расымен де көмектесетін бір адамкерек, жақсы болды ғой!
– Сонымен оқушылар, барлығымыз өзіміздің орнымыздаболайық, жауапты болыңдар, біз саябаққақыдырып бара жатқан жоқпыз. Түсінікті ғой!
– Түсінікті, Мақпал Сәбитқызы!!!
Үй іші. Жандос кешкілік балконға шығып, сәл тыныстап алғысы келді. Кенет оның ойына Шынар айтқан сөздер сап ететүсті. Әр адам баласы армандайды, шабыттанады, қиялға беріледі. Сол сәттегісезімде адам баласы керемет шабытқа ие болады. Сол шабытты ояту үшін, жандүниеге жақын нәрселерді жиі ойлау керек. Жан дүниесін шабытқа толтыру үшін, музыка, табиғат аясы, тыныштық, таң шапағы, тамаша сурет бәрі дежетіп артылады. Жандостың ойына лезде, қағаз бен қалам алып, дәл осы Шынар айтқан сөздерді салғысы келіп кетті.
Тоғызыншы қабат
Міне менің жан тынысым – Жандос,маған тағы да қонаққа келді. Жандос бұл жолы көңілді көрінесің. Саған осылайжүрген жарасады. Өзіңді ойласам есіме бірден таза энергиямен, жаңа серпіліслебі келеді. Мақпал апайың жайлы ойым расымен де артық кетті. Мендеесімнен адасып тынатын шығармын?! Сен тағы да қағаз қалам мен келгенсің бе?Мақпал апайыңды саламын деп келген жоқ шығарсың? Жандос, сен суретші боларың анық. Бірақ мені бір ой толғандырады. Әрине,мен суретші емеспін, сендей қылқалам шеберіндей ойлау, шабыт алу қолымнан мүлдекелмесі анық. Бірақ сен осындай кереметтың идеяларды қайдан аласың? Мақпалапайыңнан ба? Әлде? Көп көлгірсіп кеттімбілем, бұл жолы сен, тоқтай тұр, Мақпал апай емес, мынау басқа ғой. Жастаукөрінеді. Бұл Мақпал апай емес пе? Міне ғажап, енді саған басқа бір сұлу шабытсыйлапты ғой. Демек, сен менің ой шеңберімде кілең қыздардысалатын болғансың ба? Жаман емес, бұл да бір таңқаларлық жайт.
Жандостың ойы
Ехх, бүгін көңіл-күйім сондай жақсы, бұл күн өте жағымды әрі есте қаларлық күн болды. Мақпал апай да риза,бәріміз де нәтижелі еңбек еттік. Шынарда ерекше құлпырып жүрді. Өзіне күлімдеп жүрген сондай жарасады, бетіндегікішкене меңі өзіне жарасымды-ақ. Таптым,мен оның суретін салып, ертең оғансыйлайын.Шынарға міндетті түрде ұнайтыны анық. Мақпал апай атпақшы, «Шынарымменің, шырайлым менің» дәл өзіне ұқсап кетті.Міне, дайын. Ертең кешке қарай ма, әлде осында қонаққа шақырсамба екен. Білмедім, бір реті келегенде берермін.Кеш болып кетті. Әкем қайда екен, жұмыстан келіп те қалған шығар.Тездетіп ішке кірейін. Керемет.
– Ұлым, Жандос, Жандос. Қайдасың?
– Қазір, әке, мен мұндамын.
Әкесі баласының шатырдан шығып келе жатқанын көріп, қатты қобалжыды.
– Жандос, онда не істеп жүрсің? Ол жер ойнайтын жер емес қой.Балам, сақтықта қорлық жоқ. Абайлап жүр, ана мансардты жаптырып тастаймын-ау. Жандос,жазда саяжайға тауға кетеміз.
– Ой, әке, неге сонша уайымдап кеттіңіз. Мен үш жасарбала емеспін ғой, өзіңіз қалайсыз?
– Балам-ау, менде бәрі жақсы. Жүрүйге кірейік. Мынау не сен сурет салыпжүрсің бе?! Міне қызық, сен өзгеріп жүрсің ғой Өткендегі сыныптас қыз сенің досың ба?
– Ол Шынар ғой, екеуіміз бір тапсырма орындаған соң, мен оны аялдамаға дейін шығарыпсалғам.
– Солай де.
– Шынар жақсы қыз.
Шынар кешкілік асын ішіп болғансоң, дереу Жандостың жазған шығармасын оқып шығуға кірісті. Алдыменәкесіне әдеттегідей сүт қатқан кофе дайындапбергісі келді.
– Әке, жұмыста қиындықтар болып жүр ме, соңғы кездері түндеде жұмыс жасап жүрсің ғой?
– Ааа, қызым, иә, соңғы уақытта жұмыс көбейіп кетті.Саған да көңіл бөлмей жүрмін. Апта соңында міндетті түрде бір жаққа барамыз. Уәде беремін. Жарай ма, қызым?
– Жарайды папа, тек шаршамай жүрсең болды. Саған кофеәкеліп берейін.
Мараттың телефоны шырылдайды.
– Алло, Кеш жарық, Асқар Сәкенович, иә, айта беріңіз. Қандай мәселе бойынша? Бухгалтерлікбөлім, иә түсінікті. Әкімге байланысты құжаттар, неге, неліктен? Қалайша? Шикілік бар. Жарайды,Асқар Сәкенович, ескерткеніңізге рахмет.Әрине телефонмен сөйлесетін шаруа емес, иә, ертең талқылау керек. Рахмет, сізге де Қайырлы түн!
– Әке, міне сүтқатқан кофе. Тыныштық па, пап, даусыңқатты шықты ғой.
– Рахмет, қызым, бәрі жақсы бара ғой, ұйықта!
– Ааа, Шынар, айтпақшы, сұрайын деген едім сенің үстеліңнен Теленов Жандос деген бір дәптер көрдім.
– Иә, менің сыныптасым Жандостың дәптері ғой, менде қалып қойыпты. Оны неге сұрадың, әке?
– Солай ма, жайғой қызым, Қайырлы түн, қызым!
– Қайырлы түн, әке!
Біздің бастықтың баласына ұқсас екен, қызық бірақ, есімдер ұқсас келе береді ғой, қап-ай не болса да, жақсы болсаекен бәрі.
Тоғызыншықабат
Сәлден кейін жауын жауғалы тұр. Желде өз жұмысынорындауда. Бұл қала үнемі жауыннан көз ашпайды. Жаратқанның берген тамаша сыйы, қаланың сұрықсыз реңін жиі жуғысыкелетін шығар. Алып қаланың тар ауасы адмдардың да тынысын жиі тарылтатыныосындайда білініп қалады. Бәрі декөңілсіз. Әрдайым асығыс. Барар жері, басар тауы жоқ, ындыны жарымай жүргенбақытты да бақытсыз жандар. Сіз маған ренжімеңіз, бұл менің күн сайын, тіптісәт сайын көріп жүрген қызықсыз, жиі қайталана беретін көрінісім. Бұл сіздер,яғни адамдар үшін қалыпты құбылыс болсамен үшін бұл күнделікті жиналатынқоқыспен тең. Иә. Естуге жағымсыз болсада осы. Бірақ кейбіріңіз өзіңіздіңөміріңізді мәндірек ету үшін пайдалы іспен, нәтижелі еңбекпен айналысып, соданрахат аласыздар. Мысалы, осы менің шеңберіме сән беріп, хош иістерімен жанғақуаныш сыйлайтын жиектегі әсем гүлдерді, кім өз қолымен отырғызды дейсіз?! Иә, білесіз өткенде айтып едім ғой, сегізіншіқабатта тұратын қолы шебер Нұрлан ағай. Өзі өте жақсы адам. Қолынан келмейтініжоқ. Осы үйдің құтқарушысы деп айтсам даартық емес. Көршілері үйлерінде бірдеме бүлінсе, қауырт оқиғалары бола қалса,бірден осы Нұрлан ағайға алып-ұшып жетіп барады. Осы адамдар қызық, біреугежүгінгенді жақсы көреді. Нұрлан ағай сонда да бір қабақ шытып көрген емес.Сондайкеңпейілді жан. Ал оның жары Раушан апаймүлдем басқа, тіпті екі жүз пайыз қарама-қарсы жандар. Айтпай-ақ, қояйын. Артықәңгіме болып жүрер. Раушан апай әлі күнге дейін Нұрлан ағайдың әр басқан ізінаңдумен жүреді. Тіпті, осы үйдің барлық қыз-келіншектерінен қызғанып, ұрыс шығарып, жұртты да қүйеуін де әбденмезі қылып біткен. Раушан апай осы әдемі гүлдерді жұлып, меніңшеңберімнің әсем көрінісе нұқсан келтіруге дейін барған. Міне, сізге нағыз есіауысқан әйел! Сіз менің артық, тым көп сөйлегеніме мән бермеңіз. Бұл меніңшымбайыма қатты батқан болуы керек. Сіз неге мені тақырыптан ауытқып кетті, депойлап отырған боларсыз. Ал сіз ойладыңыз ба осы жоғарыдағы оқиға сипатын диолог етіп, жазып жатқан кім деп ойлайсыз?Әрине, автор. Ал ол автор кім екеніненбілгіңіз келмей ме? Онда мен сізге бір құпияны ашайын. Автор Нұрлан ағай емес,Раушан апай да емес. Керісінше олардың қызы – Әмина. Әмина олардың ең кенжесі, әрі болашақ жас журналист. Өзі бала күнінен кітаппендостасып үлгерген, ақылды әрі сырын ешкімге де аша бермейтін аса құпиялы жандардыңбірі. Әмина Қазақ Ұлттық Университетіне түсуді армандайды. Ол өз армандарыныңорындалатына сенеді,әрі арманына жетуге талпынып жүр. Менің бар білерім осы.Бірақ мұнда біз білмейтін қаншама «гәп» бар. Әңгімемнің ауаны өзгеріпсала бергеніне шамданбаңыз, сізге келесі құпияны ашайын деп отырмын.
Жандостың анасының үйі. Анар Ыдырысқызы баласынаас қамдауда.
– Балам, мектепте сабағыңқалай, бәрі жақсы ма, өткен жолы мағанМақпал апайың хабарласқан болатын.
– Иә, мама, Мақпал апайымбұл жолы не депті?
– Әдеттегідей айтқан жоқ,бірақ сен оған қатты ұнапсың, бір сурет салып берді дейме, әйтеуір ...
– Мақпал апайды ерекшетаңдандырған сияқтымын. Мама мен сізге бір қыздың жазған шығармасын, көрсетейіндегенмін. Ол қыздың шығармасы сыныптағы барлық оқушыларға ұнады. Сізге деұнайды.
Анасына шығарманы оқып береді, Анар шығармадансоң, көңілі аздап босаңсиды.
– Жандос, балам, сенержетейін дегенбісің? Бұрын сенен мұндай байқалмайтын. Балам, шығарманы жазғанқыз сенің сыныптасың ба?
– Мама, менің өзгергентүгім де жоқ. Тек соңғы кезде айналамдағыларға мән бере бастадым. Өмір туралыойлануға. Айтпақшы Шынар біздің сыныпқа жаңадан келген қыз, осы шығарманыжазған сол қыз. Сізге ұнады ма?
– Әрине, балам, осықызбен мені бір күні таныстыршы, сендер жақсы достасып алдыңдар ма?
– Әзірге жоқ, бірақалдағы уақытта танысып жатарсыздар.
– Жандос, көкейіңдежүрген ойларың болса айт. Еш жасырма, мен сенің ең жақын адамыңмын!
– Әрине.
Сол кезде Жандосқа әкесі хабарласады.
– Алло!
– Балам, мен кешке келе алмаймын. Шұғыл жұмыс шығып қалды.Сондықтан үйге Асыл әпкең келеді. Әпкеңнің айтқанын тыңда.
– Иә, түсіндім, Әке, менАсылмен ...
– Менің айтқанымды тыңда,Жандос, қазір қайдасың, тағы да ана үйдесің бе?
Осы сәтте Анар келіп қалады.
– Жандос, бершітелефонды.
– Берік, сен неге баланыңкөңілін мазалайсың. Ол өзі біледі, қай жақта оған қолайлы, сонда болады.
– Дәл осы сұрақты сағанқою керек Анар. Осы сен Жандосты қашан жайына қоясың, сен оның ойын бұзыпжатырсың!
– Сен әлі өзгермепсің,Берік!
Жандос: – Мама, мен бекер келген сияқтымын. Қазір әкемкеліп, сізді тағы да ренжітеді. Мені уайымдамаңызшы, мен кетейін!
Жандос үйіне кетеді. Бірер минуттан соң, БерікАнардың үйіне келеді. Оған бірден дүрсе қоя береді.
– Жандос, қайда?
– Ол үйге бармап па еді?Шығып кетті ғой, жаңа ғана.
– Анар, өтінем Жандостыбұдан былай мазалама. Әйтпесе балаңды тек түсіңде де көрмейтін боласың, сеноның болашағын бұзасың!
– Берік, бұлай деугеқалай дәтің барады. Мен оның туған анасымын. Сенің көзіңді қу дүние басқан,көзіңді аш. Сен баланың болашағын ойламақ түгілі, алдымен өзіңді ойла. Жандосержетіп келеді, ал біз оған әлі бір зат сияқты қарап, тек таласуды ғанабілеміз. Неге оны менен бөлесің, Берік?
– Жетер, болды. Жандостың өміріне араласпа.
Есік қатты жабылып, Анар еңіреп жылады.
Жандостың үйі. Асыл әпкесі студент. Өзініңдостарымен бірге үйді басына көтеріп, улап-шулап жүр. Кенет есік қағылады.
Асыл: – Тыныш,шуламаңдар, өшір өшір музыканы...
– Бұл кім?
– Бұл мен, үйдің иесі.
– Жандос, сен бе едің?
– Өз үйімізге кіре алмайқалдық қой, сендерді кім шақырды?
– Жандос, сен ренжіме.Берік аға айтып қоймаған соң, амал жоқ келдім. Саған тамақ жасайын деген едім,бірақ сені келмейтін шығар деп ойладым. Сен мамаңнан тамақтанып келгеншығарсың?
– Рахмет, аш емеспін,бірақ маған бола алаңдамай-ақ қой. Папама өзім хабарласам, ал қазір менің ұйқым келіп тұр?
– Қалайша, қазірсағат кешкі 8 емес пе, ұйықтағаны несі?!Қызықсың, сен кел одан да бізбен ән айтып, би билейік. Жүр мен сені достарымментаныстырамын.
Жандосты жетектеп алып, қонақ бөлмеге алыпбарады. Қонақ бөлмесі азан-қазан, шашылып кеткен.
– Қыздар, бұл меніңағамның баласы – Жандос деген інім.Жандос бұл Аселя, анау қыз Сара, оның ар жағындағысы Лаура.
– Стоп, Асыл! Сен неістеп кеттің, мен айттым ғой менің ұйқым келіп түсінбедің бе? Кетші үйден,боссың!
– Я поняла, байдың баласығой. Сен бар ғой кішкентай болып алып, өзінше болма.Между прочем, сенің папаң,менің ағам, понял. Девчата посмотрите бұған, кеттік қыздар жиналыңдар, кеттіккафеге барайық!
– Асыл үйдің кілтінтастап кет.
– Міне, ал. Папаңа үлкенсәлем айт!
Кенет есік қоңырауы тағы да соғылды. Бұл тағы даеріккен Асыл шығар деп ойлап, бірден ашып:
– Асыл, тағы не ұмыттыңсен, Әмина?
– Әмина, сәлем. Кештетіпжайшылық па?
– Сәлем, мазаласам кешір,Жандос. Үйде Берік ағай бар ма? Жалғызсың ба?
– Иә, менің әкемді бәрі іздепжүреді, әйтеуір. Әкем іссапарға кеткен.
– Иә, білем. Бүгін таңертеңменің папама айтып жатқан. Сенің қолың бос болса, жүр біздің үйге, кешкі асішеміз.
– Аа, солай ма, Әмина, рахмет. Бірақмен анамның үйінде тамақтанып алған едім. Рахмет шақырғаныңа.
– Бас тартушы болма. Жүр әйтпесе,менің мамам ренжиді. Раушан апай сені асыға күтіп отыр. Жүр кеттік.
– Әмина, ыңғайсыз емес пе?
– Дым да.
***
Кешкілік ас өте дәмді, әрі сіңімді көңілге жайлыболды. Бәлкім бақытты да базарлы отбасында жайбарақат отырып ішкен шәйдің өзі жанға рахат сыйлайтын болғаны ғой.Әминаға рахмет. Көңілімді бір серпілтті.Нұрлан ағай да, Раушан апай да мені сондай сағынысып қалған екен. Бар шынниеттерімен менің көңілімді аулап, Әмина екеуіміздің балалық шағымыздың балғынсәттерін еске түсірді. Әмина менен бірер жас үлкен. Кезінде бірге талайтебісіп, алысып ойнаған едік. Қазір бойы талдырмаш, ашаң өңді болып, бойжетіпқалыпты.
– Ал, Әминаш, Жандосекеуің сыртқа шығып, таза ауа жүтып келмедіңдер ме?
– Мәә, папа, тым кеш емеспе? Жандостың уақытын аламын ғой?
– Жоға, Жандос балам да қарсы емес шығар. Меніңше Жандос қазір елқамын ойлап жүрген жоқ. Әкімдікке өзіңді ұсынып жатқан жоқ шығарсың, Жандос?
– Жоға, Нұрлан аға, сіздеәзілді жібересіз-ау. Менің әкем тұрғанда қандай әкімдік, сосын мен аса ұната бермеймін. Тіпті әкем деол қызметтің маңайына жолата қоймас, әзірге.
– Жандос, алтыным сол.Өзің сондай ақылды болып ержетіп келе жатырсың. Біз сені өз баламыздай көреміз. Әттең, Анарменде көріспегелі көп болып қалды. Сен үшінкөп жылайтын, Анар-ай...
– Жәә, болды Раушан сендеқызықсың, Жандосқа қайдағы бір нәрселерді айтып, Раушан сен де бір...
– Раушан апай, алаңболмаңыз. Мен анаммен жиі кездесіп тұрамын. Тіпті әкем де қарсы болып, талайрет сөзге де келгенбіз. Мен бар болғаны олардың сіздердей тату болғанын қалаймын. Сіздерге көп рахмет. Раушан апай,Нұрлан аға, мен алдағы уақытта келіп тұрамын. Шақырғандарыңыз үшін рахмет!
– Жақсы, Жандос сау болыптұр.
– Сау бол Жандос. Қайырлытүн!
– Әмина, саған да!
Тоғызыншықабат
Сіздерге айтар әңгімемтүгесіліп қалмай тұрғанда, біртүйіткілді ашып алайық. Менің ой шеңберімнің қалтарыстарында осыдан бірер күндер бұрын біреу кіріп, өзінің мардымсыз ойларын тастап кетіпті.Ал мен ұйқылы ояу, оның нендей ой болғанын, кім ойлағанынан да бейхабарболыппын. Мүмкін өзім соңғы уақытта мардымсыз бірдемелерді ойлағандықтан шығар.Сонымен мен сіздерге сол ойлардың кімгетиесілі екенін айтқым келіп тұр. Ол кез тас қараңғы, түн ортасы ма, білмедім, әйтеуір қаланың шамдары аз- аздан сөнуге айналған.Кенет терең күрсінген, ер адамныңаяқ алысы естілді. Менің ой шеңберімекеліп, ақырын темекісін тұтатты. Бұл – Нұрлан ағай болатын.
Неге келді? Не үшін темекі тартып тұр? Ол кісі бұндай күйдееш жүрмейтін еді ғой. Менің санамда осындай сандырақ ойлар жүйіткижөнелді.
Нұрланағайдың ойы
Не болып кетті өзі? Әминаның айтуы рас болса ше,иә, расымен де солай сияқты. Ол Беріктің телефон арқылы дәрігермен айқайлап сөйлесіп жатқанын көріп қалдым депеді. «Сірә, Берік ағай, бір аурумен ауыратын сияқты, Әке байқаған жоқсыз ба?» Ал мен болсам, сенбеп едім. Қу тіршілік кімді де болмасын дерткешалдықтыратыны рас, бірақ Беріктің бұлайауыратынын мүлдем ойламап едім. Егер дем арасында жедел-жәрдем келмегенде неболар еді. Берік-ай жап-жас болып, мұндай дертке қалай іліктің. Білем, сарыуайым, дүние, абырой, атақ бәрі бар. Жасың небәрі 42-де. Сонда денсаулық керек болмады ма? Қап, ойламаған сұмдық ойларым қалмады. Қалай ғана,соншалықты дәрігерден бас тартып, ауру төбеден келіп құлатқанша жүре беругеболады? Анар ше, олда хабарсыз. Сендер ажырасқалы бері жалғыз ұлың Жандостың да мазасы жоқ. Еһ, қу өмір-ай,біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы деген осы да. Алла тағала сен жайлы жақсы ой түйсін, дертіңе шипа берсін. Әумин.
Тоғызыншықабат
Салқындап барады. Менің жайқалып өсетін гүлдерім,күздің қара суығынан бара-бара өз әсемдігін жоғалтыпты. Бұл қалада ауа-райықұбылмалы екені бәріне де белгілі, адамдары да солай өзара тату немесеараз,әркелкі. Өмірдің өзі олар үшін ақ пен қарадан тұратынын әлдеқашан үйретіптастатаған. Меніңше сол ақ пен қараны түрлі түсті етіп бояуға да болады емеспе,ал олардың түсінігінше мүлдем басқа. Боямасыз өмірге әбден еттері үйреніпалған. Мағыналары жоқ. Сіздің ше? Сіздің де өміріңіз осындай бояусыз өмірдентұрады ма? Жоқ, менің айтпағым бұл емес еді. Сіз менің нендей дүниеденжасалғанымды білесіз. Автор Әминаның айтқысы келгені шындығында келгенде бұл емес. Жақын арада олменің ой шеңберіме алғаш рет келіп, өз армандамен бөліскен болатын. Соңғыкездері Жандосты көрмейтін болыппын. Сөйтсем арада бір жарым жылдай уақытөтіпті. Сол оқиғадан кейін Жандосты соңғы рет көруім екен. Әкесінің дертіненкейін ол мұнда келуді мүлде доғарыпты. Керісінше Әмина келіп, анда-санда болсынкөңілім бір марқайып қалуда. Әмина өте ақылды қыз. Оның ойлары мені жиі таңғалдырады. Дегенмен деӘминаның ешкім де тыңдай алмайтын ойыбар сияқты. Мына әлемде ой тыңдаудың шебері мына мен секілді болсашы, шіркін-ай...
Әминаныңойы
Менің есімім – Әмина. Айтар ойымды жинақтайалмай әбден тосылдым. Мені кім тыңдасын. Қазір әлемде бәрі де тыңдаудан,түсінуден қалған. Адамдар өзгермелі, уақыт өткен сайын біздер сенімненайырыламыз. Тағдыр бізді өмір соқпақтарымен қанша тәрбиелесе де, өмірімізге бәрібір өкінішпен қараймыз. Айта берсеңөмір философиясы еш таусылмақ емес. Алайда мен мұның барлығын кімге айтудамын. Кім мені тыңдайды?Жанымды мазалаған ойларымды осылай тарқатып, кеуде қуысымды кернеген ауыройларымды аспан көгіне жібергім келеді. Күн көкжиигіне жетіп, сол жерде қалықтап, жер әлеміне айтылған үндеусекілді ақ бұлттармен астасып, менің ойларым көрініп тұрса екен. Қызық, ғажап деп осыны айт! Күздің соңғы айыболса да көкжиектен күн күлімдеп, адамдарды мына өмірдің ауыр ойларынантоңбасын дегендей, бар шуағымен Жер әлемді бауырына басып жылытқысы келгендей.Кенет менің Күн болғым келіп кетті. Егер мен Күн болсам, өзіме жақын жандардыәрдайым өз құшағыма бөлеп, жүректеріне жылу сыйлар едім. Сонда олар өз ойларынаеш жамандық ұялатпай, жақсы әрі жылыойлармен өмір сүретін еді. Сосын Күнболсам, өзім жақсы көретін жанды әрдайыммейірім шуағына бөлеп жүретін едім. Мәселен, Жандосты. Тіпті мен оныәлемнің қай бұрышында жүрсе де көреалатын едім. Жандос менің күндейқұлпырған сәулелеріме жылынып, Айғақарап мен жайлы ойласа екен.Оның жүзіндегі әрбір сезімді мен өз шуағымменжандандырып жіберетін едім. Жандос, қайдасың сен? Мен сені сағынып барамын? Тезірек саған барып, сен жайлы ойларымдыжайып салғым келеді. Әттең, ең өкініштісіоны сен оқи алмайсың. Менің ойларымды айтам. Мен саған сол кезден бері ғашық болып келемін. Балалық шақта балаң ойменсенің бейнеңе жай ғана қарағыштай берушіем. Қайдан білейін арты соқыр сезіммен жауапсыз махаббатқа ұласатынын. СенШынарды ұнатады екенсің. Кейін білдім. Сол күні кешке сені біздің үйге кешкіасқа шақырғым келген. Бірақ сен үйіңде болмадың. Кешкі таза ауада сеніменбірге серуенге шығайық деп ойлағанмын.Бірақ бұл ойым ерсі болса да, мен өзіңе бірнеше рет қадам жасауға оқталдым. Бірақ бұл қате шешім. Иә, қыз бала болғандықтан менөзімді барынша тежеп жүрдім. Бірде сенің әкеңмен қатты ұрсысып жатқаныңдықұлағым шалып қалды. Лифтіден шықтың. Ашулы күйі баспалдақпен төменгежылдамдата түсіп кеттің. Білем, отбасында ұрыссыз, кикілжіңсіз күндер болмайдыемес, болады. Алайда сен артық кеттің. Берік ағай өте сезімтал жан. Сенің оғандеген көзқарасыңды айтпай-ақ біледі.Жандос, сенің әкең бәрініңде дұрыс болғанынқалайды. Анар Ыдырысқызы да Берік ағаның қателігін кешірсе де, бәрі де мүмкін еместігін айтып, Берік ағайғасалқынқандылық танытады.
Түсіністік. Сыйластық. Мейірім. Махаббат. Осытөрт ұғым дәл қазір жеткіліксіз. Кез-келген елде де осы төртұғымға зәру болып жүрген қаншама жандарды көзімізбен көре тұрсақ та,жүрегімізбен көрмейміз. Жандос, сен демені байқамадың. Менің әкем сені осындажиі көтеріліп, сурет салып жүрегеніңді байқапты. Сендегі бұл өзгеріс меніқуантты. Сен өзіңе ұнайтын сүйікті ісіңмен айналысып жүрдің. Сыртыңнан сүйсініп те жүрдім. Бір күні әкең сені іздеп бізге келді. Мен сенің мансардқа көтеріліп жатқаныңдыайттым.Ол қатты қобалжыған болуы керек. Дереу сонда қарай кетті. Меніңәкем аң-таң. Алғашында мен неге екенінбілмедім, бірақ сен үшін қатты қорықтым. Себебі әкеңмен тағы да кикілжің болып жүрер деп ойлап, тысқа шығыпедім. Көңілді үнмен естілген дауыстарқұлағыма шалынды. «Шынар жақсы қыз», – дедің жарқын үнмен. Шынар, олкім? Сыныбында Шынар есімді қыз жоқ едіғой. Мүмкін жаңадан келген сыныптасы шығар. Ойым сан-саққа бөлініп кетті. Тездетіп, үйге кіріп кеттім. Көңілімдікүманды ойлар билеп алды. Міне, содан бері сен жайлы ойласам болды, сарыуайымға салынатын әдетті шығардым. Бірде анам менің бойымдағы осы өзгерісті байқап, әбден тергеп сен жайлыойлайтынымды біліп алды. Мен де ештеңе жасырған жоқпын, бәрін жайып салдым. Біржеңілдеп қалдым. Сосын анам сені кешкі асқа Берік ағаймен бірге шақырудыжоспарлап жүрген. Алайда Берік ағай жұмысбасты, әрі қолы да бос емес. Мүмкінболған жоқ. Жандос, кешірші біз сол күні саған сенің әкең жайында айтпақшы болғанедік. Еш реті келмеді. Дастарқан басындасенің әкең, яғни Берік ағай инсультпен ауырады, жүрек талмасы бар деп қалайайтамыз. Әкем айтуға оқтала бергенде, мен бөгет болдым. Сенің көңілің алаңдайдығой. Әрбірден соң, біз кім біз. Бізсегізінші қабатта тұратын ұзақ жылдан бері көршілес болсақ та, бәрібір бөгдеадамдармыз. Осы оқиға қатты меніқынжылтты. Енді бәрі де кеш. Сен мененжырақтасың. Қайтадан Күн болғым келіп кетті. Сенің жүзіңді көру үшін. Жүрегіңежылы шуағымды сыйлау үшін. Жандос, сенмені естимісің?! Жандос, сен меніестимсің!
Тоғызыншықабат
Есімнен адасатын шығармын. Менің ой шеңбермімдеосылай бей-берекет айқайлауға болады ма?Сұмдық, денем түршігіп кетті десем де болады. Сірә, мендегі тас бетондартүршігеді деп ойлайсыз ба? Әрине меніңде жан дүнием энергия мен эмоция алғысы келеді. Уақыты кері айналдырып әкелуменің қолымнан келмесе де, мен ой шеңберімде бірнеше ой қорларын сақтай аламын.Күндердің күнінде, бәлкім мына ой шеңберіне ешкімнің де келмесі анық. Сол кездежылы көктемнің самал желімен осы ойларды тербетермін. Иә, тап сол сіздердің тыңдай беретін үнтаспаларыңыз секілді, мендежалықпастан тербей беремін. Менің ойымтағы да шашырап кеткені анық. Акылымнан алжаспай тұрғанымда, сіздерге тәптіштепбәрін де айтайын. Сонымен арада біршама уақыт өткені рас. Демек, Әмина ұзақ уақыт бойы Жандосты ойлап жүрген бе? Бұл таңғалдырады.Тоқтаңыз мен ұмыпай тұрғанымда, қаладағы қым-қуыт өмірдің, мына сіздіңойларыңызда шатасып жатқан шырмауынтарқатайын. Әрине, оқиға бәрі де сіз ойлағандай «хеппи-енд» болуы керек, депжобалаған боларсыз. Олай болса, тыңдаңыз. Жандос әкесін ауруханаға апарғансәттен бастап, күрт өзгерді. Анасы екеуі күні-түні көз ілмей, құдайдан Беріктің айығып кетуін тіледі. Ал осы жағдайғасебепкер болған Беріктің қызметіндегі біршама олқылықтар мен Марат Доспановтыңалдын алу операциясы болмағанда, Беріктің басы үлкен даудың астында жататынеді. Ал Берікке бұл төтенді МайраНесіпқызы алып келген болатын. Отбасылық жағдайы мен дәрігерлік анықтамасынан толықтай хабардар болып жүретін, Майра Несіпқызы – бұл жолы буынсызжерге пышақ ұрыпты. Жалған құжаттар. Салық Комитетінен келгенарыздар. Тағы да жетіп жатқан қауесет.Артық-тыртығын біле алмадым. Жел айдап келген керексіз әңгімелер. Бәлкім дәлосы оқиға Жандостың отбасына берілгенсынақ та шығар. Әркім әртүрлі қабылдайды. Сынақ. Тағдыр. Кеубіреулер қарғыс дейді.
Бұл – өмір. Бәрінен де Әминаға қиын. Бәлкім,уақыт өткен соң ұмытар, ойлары өзгерер. Дегенмен мен Әминаға көмектесер едім.Ойларын ақ бұлттармен Жандосқа жіберуге де болады. Егер Жандос сезсе?
Қалада уақыт тез өтеді. Мұны қалалықтар әбденмойындап, өмір салтының қалыпты жайынажатқыза-мыс. Дегенмен де уақыттың шынқадірін түсінген жан бұлай қаланың өміріне бей-жай қарамас еді. Қалалықтар тымасығыс. Олар осылай уақытты ұтуға тырысады. Алайда уақытпен жарысамыз деп көпнәрседен айырылып жатқанынан хабары жоқ. Маған олардың өмірі не үшін ақ пенқара бояудан тұратыны енді мәлімболды. Демек, олардың өмірлерін түрлі-түсті бояумен бояуға уақытжоқ. Расында да уақыттары жоқ. Осындайқым-қуыт өмірлеріне дән риза. Себебі қалада тұрады. Менің көріп, сезіп біліп жүрген, сіздердің күнделікті өмірлеріңіз мен үшінешбір энергия, эмоция да сыйламады. Себебі мен жоғарыдан қараған сайын жиі қайталанатын бір оқиға көремін. Ол оқиға даемес, ол сіздердің өмірлеріңіз. Ақ пенқарадан тұратын. Боямасыз. Энергиясыз. Маған түкке де пайдасыз.
Адамдар биіктікті ұнатады, тіпті кез-келгенжағдайда алып қарасада биіктікке талпынады. Ойлары дұрыс. Ал биіктеген сайын ой қауіпті қаруға айналатынын біле ме екен...