Қоғам

Канада азаматы Алматы әуежайында шу шығарған

Алматы халықаралық әуежайында 32 жастағы Канада азаматы қоғамдық тәртіпті бұзып, агрессивті әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Әуежай

Оқиға әуежайдың екінші қабатындағы анықтама бюросы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам айналасындағыларға айқайлап, боқтық сөздер айтып, өзін дөрекі ұстаған. Кейін ол шыны витринаны жұдырықпен ұрып, әйнек сынып кеткен.

Сынған шыны әуежай қызметкерлерінің жанына шашылғанымен, ешкім зардап шекпеген.

Кейін белгілі болғандай, тәртіп бұзған азамат Қазақстанда тұрып, Арыс қаласындағы жекеменшік компаниялардың бірінде жұмыс істейді. Ол Алматы–Франкфурт бағыты бойынша ұшпақ болған.

Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, оған қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Нәтижесінде шамамен 130 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз