Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:00, 30 Қаңтар 2024

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ қоймасы табылды

КНБ
КНБ

2024 жылғы 24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қару арсеналы жасырылған орынды анықтады.

 Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 бірлік қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК / КНБ РК (@knbgovkz)

Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тегтер: