11:10, 19 Маусым 2024
Қаңтар оқиғасына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды
ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен Қаңтар оқиғасына қатысы бар қылмыстық топ мүшелері ұсталғанын хабарлады.
17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Топ мүшелерінің “қаңтар оқиғасының” белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді, делінген хабарламада.
Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.