Қарағанды облысының білім нысандары жұмысшы мамандығын даярлайтын орталыққа айналады
Қарағанды облысының колледждері өнеркәсіп үшін сапалы кадрлар даярлап, білім беру мен өндіріс орындары арасындағы өзара әріптестікті нығайта түсті. Өндірісті аймақ сегіз жетекші техникалық бағыт бойынша орта мамандандырылған мекемелерді кластерлеуді бастады.
Жергілікті кәсіпорындарда жас мамандар жұмысшылар қатарын толықтырады. Өңірде өнеркәсіп, құрылыс және энергетика салаларында мыңнан астам өндіріс ошағы бар. Оларда әртүрлі мамандықтар бойынша 200 мыңға жуық жұмысшы еңбек етеді.
– Біздің облыс үшін келесі жылды Мемлекет басшысы жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны өте маңызды. Облыс жастарының 60%-ы түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейді, – деп атап өтті аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. – Сондықтан біз Қарағанды облысын еліміз үшін жұмысшы мамандықтарын даярлау орталығына айналдыруды жоспарлап отырмыз. Бұл үшін барлық қажетті жағдайлар бар: Орта кәсіптік білім берудің қалыптасқан тәжірибесі бар. Бірнеше жылдық тарихы бар колледждер сақадай сай. Білім мен тәжірибені ұштастыратын өндірістік кәсіпорындар жеткілікті. Оқытушылар құрамы білікті.
Жас ұрпақты тәрбиелеп, сапалы білім беру – облыстағы басым бағыттардың бірі. "Жайлы мектеп" бағдарламасы бойынша облыста 10 оқу орнын салу жоспарланған. Құрылыс 2023 жылы басталды. Биылы оқу жылында Қарағандыда екі жаңа мектеп ашылды. Олардың бірі жайлы мектеп. Жыл соңына дейін тағы бес жаңа жайлы мектепті іске қосу жоспарланған.
Қарағанды қаласындағы шағын ауданында заманауи оқушылар сарайы, ал Осакаров ауданында өнер сарайы ашылды.
Педагкотарға да белсенді қолдау көрсетіледі. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында биыл ауылда еңбек етуге келген 140 мұғалім көтерме жәрдемақыға ие болды.
«Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруы арқасында облыста білім беру саласында мектептерді жаңғырту, жөндеу, спорт алаңдарын салу бойынша төрт жоба іске асырылды.