Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:17, 22 Ақпан 2024

Қарағандылық өгей әке 3 жасар баланы күрекпен ұрып, соққыға жыққан

Баланы ұрған өгей әке
Фото: из открытых источников

Қарағанды ​​облысының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының мәліметінше, бала анасымен және оның азаматтық некедегі күйеуімен бірге тұрған. Отбасында одан басқа екі үлкен бала мен 8 айлық сәби болған.Баланың соққыға жығылғаны туралы хабарлама Киров полиция бөліміне өткен жылдың шілде айында түскен. Анасының серіктесі баланың басынан бірнеше рет күрекпен ұрған. Оқиғаға куә болған көршілер жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем келген кезде баланы басы мен мұрнынан қан кеткен. Бұл кезде анасы мен оның азаматтық некедегі күйеуі мас болған. Полицейлер оларды наркологиялық орталыққа жеткізді. Көршілері бұл отбасының ішімдікке құмар екенін, балалардың жағдайы жасалмағанын айтты.

Дәрігерлер зардап шеккен нәрестені тексеріп, бас терісінде, бетінде, ішінде және аяқ-қолдарында көптеген жарақаттар барын анықтады. Соққылар мен азаптаулардың жүйелі түрде болғаны атап өтілді. Сондай-ақ бала тамақтанбаған және дамуы тежелген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шегуші "Шапағат" балалар үйіне, ал үлкен балалары "Таңшолпан" отбасын қолдау орталығына жіберілді.

"Осы оқиғадан кейін анасы балаларын іздеп бармаған. Оған қатысты кодекстің 127-бабының 1-бөлігімен ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сот отырысында анасының немқұрайлы әрекеті нәтижесінде өгей әкенің қатыгездік көрсету фактісі дәлелденді. Сот анасының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген балалардың құқықтарын қорғау шараларын қолданбағанын, сондай-ақ олардың толыққанды дамуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз етпегенін анықтады", - делінген хабарламада.

Тегтер: