Әлеумет

Карантин мерзімі ұзартылды

Бұл туралы Президенттіңбаспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегіпарақшасында жазды.

Карантин мерзімі ұзартылды

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығыменТөтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстармен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттікоргандар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылықатысты.

»15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзіміаяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуғатура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудыңшарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетугеболмайды. Осы себепке байланысты карантин режимінелордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейінсозуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенінтүсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді.Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық жәнехалықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы" — деп атап өтті Мемлекетбасшысы өз сөзінде. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің толық мәтініменwww.akorda.kz сайтынан танысуға болады", — деп жазды Берік Уәли.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз