Әлеумет

Карантиннің пайдасын табиғат көріп жатыр

Карантинге жабылған елдер менқалалардың әсерінен экологяның сәл болса да оңалғаны байқалады.

Карантиннің пайдасын табиғат көріп жатыр

Мұны спутниктентүсірген суреттерден немесе  қарапйымқала кейіпінен-ақ байқайсыз. Бұл өзгерістерді Алматыдан да көріп жатырмыз.

 Әлемдік экологияға басқалардан әлде қайда көп зиянынтигізіп жатқан Қытай ауасының тазарып қалғаны соңғы кезде анық көрініп жатыр.Оны спутниктен түсірген суреттен де, қала көшелерінен де көреміз. Мұның негізгісебебеі- қаладағы көлік қозғалысының азаюы. Ал коронавирустан қайтыс боп жатқанадамдар саны бойынша алты мыңнан астам адаммен алға шыққан Италияның Венецияқаласындағы су арналары тазарып жатыр. Ол жер қалыпты уақытта туристтердіңсүйікті мекеніне айналушы еді. Бірақ қазір мемлекет боп карантинде жатқандықтансу тазарған. Балықтар мен дельфиндер арналарға қайта оралуда. Бұған ұқсасжағдай Алматы қаласында да байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары «дейін,кейін» деген атаумен ауасы әлде қайда таза қаланың суреттерін жариялауда.

Иә, шынымен-ақ адамзат табиғат ананың еркесінеайналғандай. Әлемдегі, елдегі экологиялық ахуалға қарап, «табиғат адамдарданбіраз демалсын» деген ойға қаласың.

Алматықаласында карантин жариялануына байланысты көлік қозғалысы айтарлықтайшегерілген. Бұл талайдан бері экологтардың дауына айналған «Алматы қаласын ЖЭОластап жатыр ма, немесе көлік қозғалысы ма?» деген сұрақты шешудің таптырмасжолы.«ЖЭО-ның жалпы қала ауасының сапасына қаншалықтыәсер ететінін және Алматы қаласының көлік көп жүретін көше қиылыстарындағыауаның ластануын анықтау мақсатында, Қазақстан Республикасы Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрінің тапсырмасымен «Қазгидромет» РМК 20 наурызданбастап карантин бойы және ол аяқталғаннан кейін бір ай бойы келесі нүктелердеауадағы ластаушы заттардың шоғырлануына жоспардан тыс өлшеу жүргізетін болады:

— Саяхат автовокзалы ауданында;

— Тастақ базарының ауданында;

— ЖЭО-2 санитарлық-қорғау аймағыныңшекарасында.

Талдау синоптикалық жағдайды ескереотырып жүргізіледі, сондай-ақ жоспардан тыс өлшемдерден басқа, ҚазақстанРеспубликасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің«Қазгидромет» РМК ауасының ластануын бақылау бекеттерінің және эко-белсендіПавел Плотицынның датчиктерінің деректері қолданылатын болады» деп жаздыөзінің Facebook парақшасында  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстарминистрінің ресми өкілі Самал Ибраева.

  Естеріңізге салсақ, жылдың басында эко-белсенділерАлматы әкімдігінен қаланы ластанудың шегіне жеткен деп мойындауын талап етіп, ашықхат жолдаған.  Ол жерде қаланың алдағы 30жылдық жоспарымен танысқан белсенділер, оның қате екенін айтқан.

«Стратегияда Алматыдағы ауаныластаушы 65% -ы көліктен, 27% -ы жылу электр станцияларынан екендігі айтылған.Бұл өтірік. EXIMAR зерттеулері мынаны дәлелдейді: ЖЭО зауыттары ауаданавтокөліктерге қарағанда көп зиян келтіреді.

Көлікауаны ластамайды дегеннен аулақпыз. Бірақ әкімдік адамдарды адастырудытоқтатып, ЖЭО-ның ауаны ластап жатқанын мойындасын дегіміз келеді» делінгенхаттағы петицияда. 

Карантинге жабылған Алматыда көгершіндерқырылып жатыр. Ел арасында 28 панфиловшы паркінде өліп жатқан көгершіндердіңвидеосы тарады. Әлеуметтік желі қолданушылары құстарды қаланыдезинфекциялағаннан улануы мүмкін екендігін айтты. «Алғашқы алынған сынамақұстардың уланғанын растайтынын айтқым келеді.

Облыстықаумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясы, ҚР АШМ аумақтықветеринарлық бақылау жəне қадағалау инспекциясы, қалалық ветеринарлық қызмет, Кəсіпкерлікжəне инвестициялар басқармасы, Зоология институты мен абаттандыру бөлімімамандарынан тұратын комиссия құрылды.

Комиссиябарлық өлген құстарды жинап, ветеринарлық қызмет арқылы зертханалық зерттеужүргізу үшін сынама алынды. Бұл зерттеудің түпкілікті нəтижесін кейінірекжариялайтын боламыз» деп жазды кеше Самал Ибраева.

«Қазірдүние жүзінде апаттар боп жатыр. 40 пайыз өзендер азайды. Біз қуаңшылықтыңалдында тұрмыз. Әлемдік мұхитта су деңгейі көтерілуде. Сәл жауын жапса сутасқыны болуға шақ қалады. Қардың жауу деңгейі де артқан. Көктемде су тасқыныбоп елді су шайып кетуі де осыдан. Енді қазір көліктер тоқтағанда күн де шықты.Негізі, ең пайдалы қоғамдық көлік-трамвай-ды. Көптеген ауру да осы Алматықаласының экологиясының бұзылуынан» дейді эколог маман Мэлс Елеусізов.

Думан ТЕРЛІКБАЙ 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз