Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:52, 24 Сәуір 2024

Қаржы мониторингі агенттігі су бөгетіне бөлінген ақшаны кім ұрлағанын айтты

м
Фото:

Қаржы мониторингі агенттігі cу бөгетін салуға бөлінген қаражат туралы ақпаратты түсіндірді.

Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Ұлытау, Ақтөбе облыстарында, Алматы мен Қызылордада гидротехникалық құрылыстар салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін растады. Алайда, ондағы 1 миллиард теңгенің су тасқынына бөлінген ақшадан бөлек екенін айтты.

Бұл қылмыстық істің басым бөлігі қаражатты ұрлау фактісі бойынша тіркелді. Жалпы алатын болсақ, шамамен 1 млрд теңге. Бірақ бұл сома 140 миллиард теңгеден бөлек. Бұл Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстар салуға аталған сомадан бұрын бөлінген ақша. Ал қазіргі таңда бөлінген қаржы, 140 млрд теңге, өз өкілеттігіміз аясында біз міндетті түрде тиісті жедел шаралар, қаржылық мониторинг жүргізіп, мұндай жағдай қайталанбауын қадағалаймыз, - деді Елемесов.

Фото: 

Тегтер: