Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 09:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуымен құттықтады

Тоқаев пен Трамп
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы АҚШ президентіне «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл миссия – кейінгі жарты ғасырдан соң алғаш рет адамның Айға ұшып барып қайтуы болып, ғарышты игерудегі жаңа тарихи кезеңнің басталғанын білдіреді.

Президент америкалық ғылымның серпінді жетістіктерін жоғары бағалап, олардың адамзаттың таным көкжиегін кеңейтіп, әлем бойынша жаңа буын ғалымдар, инженерлер мен зерттеушілерге шабыт беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасы мен ғарыш саласындағы өзге де бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.

Еске сала кетейік, «Артемида-2» миссиясының астронавттары жұма күні Тынық мұхитына сәтті қонып, Жерге аман-есен оралды. Бұл – кейінгі жарты ғасырдан бері алғаш рет жүзеге асқан Айға сынақ ұшу болып отыр.