Әлеумет

Каспаров АҚШ арнайы қызметтері өзіне төнген қауіп туралы ескерткенін айтты

Шахматтан бұрынғы әлем чемпионы, Ресей билігінің сыншысы Гарри Каспаров АҚШ пен Литваның қауіпсіздік қызметтері оның өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескерткенін мәлімдеді.

Каспаров

 Бұл туралы Reuters жазды.

Каспаровтың айтуынша, арнайы қызмет өкілдері оған қауіпсіздік шараларын күшейтуге кеңес берген. Осындай ескертуді "Еркін Ресей форумының" негізін қалаушылардың бірі Иван Тютрин де алған.

Бұған дейін АҚШ Әділет министрлігі Ресей барлауымен байланысы бар деген күдікпен бес адамға айып таққан. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар АҚШ пен Литвада тұратын Ресей билігінің қарсыластарын аңдып, оларға қастандық ұйымдастыру үшін адамдар іздеген.

Сот материалдарында АҚШ-тағы ықтимал нысанның аты-жөні көрсетілмей, "Victim-1" деп белгіленген. Тергеу дерегінше, оны өлтіру үшін шамамен 40 мың доллар ұсынылған.

Алайда Каспаров АҚШ пен Литва арнайы қызметтері сот құжаттарындағы ықтимал құрбанның өзі екенін тікелей растамағанын атап өтті.

Тютриннің сөзінше, Литва билігі оған тұрғылықты жерін шұғыл ауыстырып, жеке көлігін пайдаланбауға кеңес берген.

Кремль АҚШ тарапының айыптауларына қатысты сенімді дәлелдер ұсынылмағанын мәлімдеген. Ресей билігі шетелдегі оппозиция өкілдеріне қарсы қастандық ұйымдастырды деген айыптауларды бұған дейін де жоққа шығарған.

Тегтер: Каспаров
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз