Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:44, 06 Мамыр 2024

Kaspi банктың иесі Ломтадзе Англия футбол клубын сатып алды

с
Фото: из открытых источников

Қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе «Wycombe Wanderers» ағылшын клубы акциясының бақылау пакетін сатып алды. 

Sportplustv.kz мәліметінше, клубтың ресми ресурстары Ағылшын футбол лигасы (EFL) мақұлдағаннан кейін Михаил Ломтадзе, Эдуард Вышняков пен Дэн Райс клубтың директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Сонымен қатар мәлімдемеде Ломтадзенің иелігіндегі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына «Уиком Уондерерс» клубы акцияларының 90 пайызы тиесілі екені айтылған.

Айта кетейік, «Уиком» 1 ағылшын лигасында (ағылшын клубының үшінші дивизионы) өнер көрсетеді. Клубтың ең жоғары нәтижесі Ағылшын кубогының 2000-01 маусымдағы жартылайы финалына дейін жетуі болды.

Михаил Ломтадзе - белгілі қазақстандық кәсіпкер, инвестор, Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы.

Фото:

Тегтер: