Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:51, 09 Тамыз 2024

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады

в
Фото: Facebook/Джамиля Аимбетова-Токмади

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди бостандыққа шығады. Сот оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

«Қонаев қалалық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешімімен М.Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп жазады ҚазТАГ агенттігі.

Айта кетейік, 2004 жылы 19 желтоқсанда белгілі қазақстандық банкир Ержан Тәтішев өлтірілген болатын. Бұл жағдайда кәсіпкер Мұрахан Тоқмәди 10,5 жылға сотталды. Ол қылмысты жасаған деп танылса, тапсырыс беруші ретінде Францияда жасырынып жүрген банкир Мұхтар Әблязов екені айтылады.

2022 жылғы 9 наурызда КазТАГ басылымы Тоқмәдидің президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған ашық хатына сілтеме жасап, онда кәсіпкер өзінің кінәсіз екенін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің адамдары оны мойындауға мәжбүрлегенін айтқан. 

Тегтер: