11:13, 06 Ақпан 2024
Қатерлі ісіктің ағзада жасырынып тұрғанын қандай белгілер арқылы білуге болады
Академик Каприн қатерлі ісік жасырынып тұруы мүмкін 6 белгіні атады, деп хабарлайды Zhasalash.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Онкологиялық аурулардың басты қаупінің бірі - оның бастапқы кезеңде белгі бермеуі. Академик Андрей Каприннің айтуынша, қатерлі ісік жиі білдіртпей дамиды, ал кейде бізге таныс және үйреншікті белгілердің астында жасырынып тұрады. Оларға мына белгілер жатады:
Дене температурасының аздап көтерілуі;
Әлсін-әлсін бас ауыруы;
Жөтел;
Асқазан-ішек жолы жұмысының бұзылуы;
Арқаның ауыруы;
Бөртпе.