Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 30 Қаңтар 2024

"Қайдағы идеология": Канделаки енді Қырғызстанға шүйлікті

орыс тілі
Фото: из открытых источников

Ресейлік тележүргізуші Қырғызстанда да орыс тілі шеттетіліп жатқанын жазды. Ол Қырғызстан билігі бір жылдан бері Бішкектегі төрт ауданның атын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жазған, деп жазды Zhasalash.kz.

"Қазір Бішкектегі аудандарда КСРО кезінен сақталған орысша керемет атаулармен аталған: Первомайский, Октябрьский, Ленинский, Свердловский. Қырғызстандық депутаттар бұл "ұлттық идеологияны нығайту, сондай-ақ тарихи дәстүрлер мен құндылықтар негізінде азаматтардың рухани-адамгершілік тәрбиесін жақсарту мақсатында" ұсынып отыр. Қырғызстан халқының көбі қырғыз тілінде емес, орыс тілінде сөйлесе, қайдағы идеология? Бәрін қиындатудың не қажеті бар?", - дейді Тина Канделаки жазбасында.

Тележүргізуші дәл осылай Украинада декоммунизация басталғанын, ол бүкіл орыс тілінен бас тарту компаниясына айналғанын айтады.

орыс тілі
Фото: из открытых источников

 

Алайда тележүргізуші кейін жазбасын өшіріп тастады.