Қайрат Боранбаев бұрынғы қызметіне қайта сайланды
Олигарх Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің басшысы болып қайта сайланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.
Достар, Паралимпиада федерациялары өкілдерінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәкес, мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті болып сайландым. Осы күні мені қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді, деп жазды Боранбаев.
Сонымен қатар, ол Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына белсенді түрде дайындық жүріп жатқанын айтты.
Боранбаев аталған комитетті 2020 жылы басқарған. Бұл олигархтың комитет басшысы болып екінші рет қайта сайлануы.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев 2023 жылы 31 наурызда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Оған сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау дерегі бойынша айып тағылды.14 қыркүйекте қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың 120 миллиард теңгенің мүлкін мемлекетке қайтарғанын 15 қыркүйекте кәсіпкердің бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылғанын хабарлады.
Фото: ratel.kz