16:38, 01 Тамыз 2024
Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекетке қайтарылды
Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы толығымен мемлекет меншігіне қайтарылды.
1 тамыз күні Kase.kz сайтында жарияланған Акционерлер реестрі тізімінің көшірмесінде аталған компанияның Қаржы министрлігіне тиесілі екені көрсетілген.
1 шілдедегі жағдай бойынша Phystech II АҚ жалғыз акционері – Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, делінген хабарламада.
Жарияланған жай акциялардың жалпы саны 18 500 000 дана болса, оның ішіндегі 13 749 100 акция орналастырылған.
Айта кетейік, 2023 жылы қарашада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандыққа шықты. Ол мемлекет мүлкін жымқырды деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.