Қайрат Боранбаевтың мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті
Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті
Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға байланысты соталды тергеу нәтижелері бойынша Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.
Мұнай компаниясының 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.
"Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.
Еске салсақ, тергеу шеңберінде жалпы құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданған.