Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:11, 24 Қаңтар 2024

«Қазақ деген ұлт болмаған» – ресейлік тарихшы

михаил смолин
Фото: из открытых источников

Тарихшы әрі жазушы Михаил Смолин НТВ арнасының "Место встречи" бағдарламасына қазақ, өзбек, әзербайжан ұлттары болмаған, олар қолдан жасалған деп пікір білдірген. 

«Қазақстан деген қалай пайда болды? О баста РСФСР құрамындағы Қазақ ССР-і деген пайда болды. Яғни ешқандай қазақ деген болған жоқ. Кейін Қазақ ССР-інің құрамында Қырғыз ССР-і дегенді құрды. Одан кейін оларды РСФСР-ден бөліп шығарды. Ол жерде ұлт қалыптастыруға қатысты небір сорақы шешімдер іске асты. Мысалы, революцияға дейін өзбек деген болған жоқ. Ондай этникалық атау болған емес. Алды да бірнеше Орталық Азиядағы ұлттан өзбектерді жасап шықты. Тура солай, әзербайжан ұлтын айтсақ болады. Әзербайжан деген ұлт революцияға дейін болған емес. Айтпағым Ресей империясының жерін түрлі этникалық топтарға бөліп берді», - дейді ол.

Бұған дейін ресейлік журналист Тина Канделаки «Қазақстан орыс тілін ысырып» жатыр деген еді. Сыртқы істер министрлігі де журналистті Қазақстанға кіруге тыйым салынған тұлғалар тізіміне кіргізілетінін айтты. 

Тегтер: