Бүгін, 11:00
Қазақ палуаны Жапониядағы турнирде тарихи жүлдені жеңіп алды
Қазақ сумошысы Ерсін Балтағұл Токиода (Жапония) өтіп жатқан Император кубогының қосымша кезеңіне шықты.
Жапонияда Кимбозан Хируки есімімен бақ сынап жатқан қазақстандық жарыстың соңғы күніне дейін көш бастап тұрса, 15-ші раундта жапондық Охо Коносукеден ұтылып, үш спортшы бірдей ұпай жинады.
Мәртебелі кубоктың тағдыры үш сумошы: оны жеңген жапон балуаны мен моңғолиялық Хосерю Томокацу арасындағы қосымша айналымда шешілді. Қосымша екі жекпе-жекте жеңіске жеткен Моңғолия өкілі жеңімпаз атанса, қазақстандық үшінші орынға ие болды.