Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:23, 02 Қазан 2024

«Қазақмыста» қымбат металл қорытпалары ұрланған

ы
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Ұлытау өңірінде қымбат металл қорытпаларын ұрлауды жолға қойған қылмыстық топтарды құрықтады.

Ведомства мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС кәсіпорынның қызметкерлері де кірген.

Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңге өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ полиция 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелерін құырқтады. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге алдап алып келіп, физикалық күш қолданып, қару-жарақпен қорқыту арқылы ақша талап еткен.

Сонымен қатар 2018 жылы орын алған жергілікті тұрғынды өлтіруге оқталу әрекеті әшкереленді. Жергілікті криминалитеттен құралған қылмыстық топ анықталды. Оған қатысушылар қазіргі уақытта басқа қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Кісі өлтіруге оқталу әрекеті жасалған тапанша тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. 20-дан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өңірлерде қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.