Қазақстан әлемдік рейтингте заң үстемдігі бойынша 65-орында
Қазақстан заң үстемдігі деңгейі бойынша 145 елдің әлемдік рейтингінде 65 орынды иеленді. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы хабарлады.
World Justice Project халықаралық ұйымы заң үстемдігі бойынша елдердің рейтингін жариялады. 2023 жылғы рейтингке сегіз фактор бойынша бағаланады: мемлекеттік өкілеттіктерді шектеу; сыбайлас жемқорлықтың болмауы; ашық үкімет; құқықтар; тәртіп пен қауіпсіздік; нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз ету; азаматтық сот төрелігі; қылмыстық сот төрелігі.
Қазақстан 142 елдің ішінде 65-орында. Бірінші орында - Дания, ал Венесуэла соңғы орында. Өзбекстан – 78, Қытай – 97, Қырғызстан – 103, Ресей – 113 орын алды.
Ал, Қазақстан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ең жақсы көрсеткішке ие. Қазақстан екінші жыл қатарынан жалпы көрсеткішті сақтап қалды. Негізгі азаматтық бостандықтар бойынша Қазақстан 100 орында - Үндістан, Нигера және Кениядан төмен. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдай бойынша: Қазақстан Африканың Сенегал, Ботсвана және Руанда сияқты елдерінен кейін 63-орында.
Айта кетейік, Дүниежүзілік әділеттілік жобасы (WJP) — 2006 жылы бүкіл әлемде заң үстемдігі қағидаттарын ілгерілетуге және соған байланысты бастамалар мен бағдарламаларды дамытуға көмектесу үшін құрылған американдық халықаралық үкіметтік емес ұйым.