Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:04, 24 Маусым 2024

Қазақстан алғаш рет брейкингтен Олимпиадаға қатысады

РР
Фото: ҰОК

Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншілеген.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Амир 71 ұпай жинады (Шанхайда ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық спортшы алтыншы орыннан көрінген.

Айта кетелік, брейкинг Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан намысын қорғайтын тұңғыш спортшы болмақ.