Қоғам

Қазақстан аумағында такси қызметіне талап күшейеді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

такси қазақстан

Жаңа ережеге сәйкес, енді такси тасымалдаушылары жұмысын бастамас бұрын жергілікті әкімдікке міндетті түрде хабарлама жолдауы тиіс. Сонымен қатар автопарк құрамына өзгеріс енгізілген жағдайда жаңа көлік қосу немесе көлікті ауыстыру кезінде бұл ақпаратты ресми түрде тіркеу қажет болады.

Хабарламада көлікке қатысты нақты мәліметтер көрсетіледі. Атап айтқанда, автокөліктің маркасы, мемлекеттік нөмірі және шығарылған жылы енгізіледі.

Бұған дейін тасымалдаушылар белгілі бір көлікке нақты бекітілмейтін. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары немесе басқа да жағдайлар кезінде жауапты жүргізушіні анықтау қиындық туғызған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, жаңа өзгерістер жауапты такси жүргізушісін жедел анықтауға, жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға және заңсыз тасымалдаушылар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз