Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:00, 09 Ақпан 2025

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алды

Азия ойындары
Фото: Сали Сабиров, ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы командалық спринтте қола медаль жеңіп алды.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, команда құрамында Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова бар.

Қазақстандық спортшылар  финалда үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алған болатын. Шорт-тректен ерлер командасы 5000 метрлік эстафетада жеңіске жетті. Қазақстан атынан жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.

Бұған дейін шорт-трекшілер 2000 метрге аралас эстафетада Қазақстанға күміс жүлдені бұйырған болатын. Конькимен жүгіруден тағы бір күміс иеленді. Қазақстандық шаңғышы Константин Борцов пен фристайл-акробат Аяна Жолдас та табысқа жетті.

Қысқы Азия ойындары 7 ақпанда ашылды. Ойындар Харбин мен Ябулиде өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан атынан 137 спортшы қатысуда, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Жарысқа Азияның 32 елінен мыңнан астам спортшысы барған.

Медальдар спорттың 11 түрінен беріледі. Шорт-тректен басқа, оларға конькимен сырғанау, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, керлинг, тау шаңғысы, сноуборд, фристайл, шаңғы жарысы, биатлон және шаңғымен альпинизм кіреді.