15:40, 02 Қазан 2023
Қазақстан Азия ойындарында 37-медалін жеңіп алды
Бірақ жалпы рейтингте топ-10 қатарынан шығып қалды.
Қазақстандық спортшы Виктория Бутолина Ханчжоуда Азия ойындарында батутдағы гимнастикадан финалға қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша Бутолина үшінші орын алды, ол 52.600 ұпаймен қола медаль еншіледі. Ал «алтынды» қытайлық Чжу Сюэ Инь, «күмісті» оның отандасы Ху Йичень еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде 37 медаль бар - 4 «алтын», 7 «күміс» және 26 «қола».